Month: Шілде 2019

Алматы қаласына балаларға экскурсия ұйымдастырылды


2019 жылдың 30 шілдесінде Алматы қаласы, Білім басқармасы, МКҚК «Оқушылар сарайы» «Өрнек» лагерінде Арыс қаласынан келген балаларға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар Медеу спорт кешені, Көк Төбе саябағы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы, Жиырма сегіз гвардияшыл-Панфиловшылар саябағы т.б қаламыздың көрікті жерлерінде  болып қайтты.

Эстрада жұлдыздарының концерті

2019 жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласы, Білім басқармасы, МКҚК «Оқушылар сарайы» «Өрнек» лагерінде Арыс қаласынан келіп, жазғы демалыстарын өткізіп жатқан 78 жасөспірімдерге өздерінің жерлестері, эстрада жұлдыздары – Нұрлан Еспанов, Индира Елемес Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған  концерттік бағдарламамен келіп қайтты. Концерт бағдарламасын композитор Арман Дуйсенов жүргізіп, балалардың көңіл-күйін көтерді.

«Өрнек» лагерінің тәрбиешілерімен ұйымдастырылған балалардың концерті эстрада әртістерінің бағдарламасымен бірге жалғасын тапты.

Концерт соңында эстрада жұлдыздары балаларға алып келген өз сыйлықтарын, спорт костюмдерін таратты.

Білімділер күні

2019 жылдың 28 шілдесінде «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде «Білімділер күні» мерекесі өтті. Бұл іс-шара оқушылардың зияткерлік белсенділіктерін, математикалық және ауызша мазмұны бар ойын ойнауға деген қызығушылығын, олардың зейінін, қарым-қатынас қабілеттерін дамыту  және өзара көмек алу үшін бастамашыл болуға тәрбиелейді. 

Турист күні

         2019 ж. 26 шілдесінде «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде Арыс қаласынан келген балалар үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Турист күні» іс-шарасы өткізілді.

 Бұл шара балалардың бір-біріне деген эмоционалды позитивті  ұжымшылдық сезімін арттыруға, туризм, өлкетану туралы білімін ұлғайтып, балалардың табиғи жағдайда өмір сүруге  бейімделуіне бағытталған.

Сонымен қатар альпинизм эстафетасы, шахмат, робототехника сабақтары, түрлі ойындар мен туристік және өлкетану бағытындағы тренингтер өткізілді.

«Бақытты балалық шақ!» атты мерекесі


Оқушылар сарайы «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде Арыс қаласынан келген балалардың жазғы демалысына арналған «Бақытты балалық шақ!» атты мерекесі өтті.
Бұл қазақтың ұлы ақыны, жазушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында өтті. Шараға қала әкімдігінің арнайы шақыруымен келген Арыс қаласының балалары қатысты.

Лагердің негізгі аумағында он ақ шатыр орнатылды, онда балалар үшін мастер класс өткізілді.Тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен Арыс қаласынан келген қонақтар халықтық қолөнермен ,биссер өруден мастер классқа қатысып, құм мен судан суреттер жасады.

Балалар  шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан жарысты

Оқушылар аниматорлармен бірге  ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары мен Абай шығармашылығына арналған викториналарға қатысты.

Балалар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқыды, ақындар мен жазушылардың Абай туралы айтқан сөздерінен үзінді оқыды.  Футбол, баскетбол, «еркін және қазақ» күрестерінен  спорттық ойындарға қатысты. Балалар «Көк тудың желбірегені», «Егемен Қазақстан», «Туған жер» және «Елім менің» атты танымал шығармаларды орындады, сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасы МКҚК «Оқушылар сарайы» , «Өрнек» жазғы сауықтыру  лагерінің басшылығына тамаша демалысұйымдастырғандары үшін шын жүректен алғысын білдірді. Соңында Арыс қаласынан келген балаларға сыйлықтар – мектеп формасы, кеңсе тауарлары және кәдесыйлар таратылды.

Арыс, Біз біргеміз!

Бүгін, 23 шілдеде Алматы-2 теміржол вокзалына Арыстан келетін 75 оқушының 2ші аусымы келді. Балаларды анниматорлар, цирк артисі Мұрат Мұтұрғанов және колледж студенттері “Арыс, Біз біргеміз!” флэшмобымен қарсы алды.

Көңілді көріністер мен сыйлықтардан соң балалар демалу және күш жинау үшін “Өрнек” жазғы лагеріне жіберілді. 
Алматы қаласы Оқушылар сарайының “Өрнек” сауықтыру лагерінде балалар 23шілде мен 8 тамыз аралығында болады. 
Жазғы демалыс маусымы-балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Кез-келген жазғы лагерь балалардың демалысын тиімді өткізу, оларды лагермен қамту жыл сайынғы дәстүрге айналған шара. Ал биылғы жылдың ерекшелігі қала сыртындағы “Өрнек” лагерінде Арыс қаласынан келген 200ден аса бала тегін демалатын болады. Бүгінгі күні арыстық балалардың 2ші ауысымы қалаға келіп, лагерге жайғасуда…. Балаларға естен кетпес демалыс, ерекше көңіл-күй тилеймиз

IMG_0066
IMG_0067
IMG_0068
IMG_0072
IMG_0076
IMG_0079
IMG_0082
IMG_0088
IMG_0110
IMG_0120
IMG_0122
IMG_0123
IMG_0126
IMG_0129
IMG_0133
IMG_0137
IMG_0140
IMG_0141
previous arrow
next arrow