Day: Шілде 30, 2019

Эстрада жұлдыздарының концерті

2019 жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласы, Білім басқармасы, МКҚК «Оқушылар сарайы» «Өрнек» лагерінде Арыс қаласынан келіп, жазғы демалыстарын өткізіп жатқан 78 жасөспірімдерге өздерінің жерлестері, эстрада жұлдыздары – Нұрлан Еспанов, Индира Елемес Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған  концерттік бағдарламамен келіп қайтты. Концерт бағдарламасын композитор Арман Дуйсенов жүргізіп, балалардың көңіл-күйін көтерді.

«Өрнек» лагерінің тәрбиешілерімен ұйымдастырылған балалардың концерті эстрада әртістерінің бағдарламасымен бірге жалғасын тапты.

Концерт соңында эстрада жұлдыздары балаларға алып келген өз сыйлықтарын, спорт костюмдерін таратты.