Day: Қыркүйек 19, 2019

«Көп балалы отбасыларға арналған ата-аналар бөлмесі» ашылды

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК-да «Көп балалы отбасыларға арналған ата-аналар бөлмесінің» салтанатты ашылуы болды. Көп балалы аналар мен балаларға арналған қонақ бөлмені құрметті қонақтар: Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары – А.А. Нурлыбаев, Білім басқармасының балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бөлімінің жетекшісі – Тау Н.Т., аудан әкімдігінің өкілдері, ата-аналар қауымы ашты.

Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы балалары, мектеп оқушылары Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысу кезінде,көп балалы аналар кең және ыңғайлы бөлмеде демалу үшін, кішкентай балаларды ойыншықтармен ойнатуға және қажет болған жағдайда балалар психологының кеңестерін алуға мүмкіндік жасаған.

Мерекеге қаланың барлық аудандарынан келген көп балалы отбасылар, Оқушылар сарайының білім алушылары мен педагогтары қатысты.  Мереке әсем әнмен, түрлі-түсті шарлармен, балалардың қуанышты күлкісімен, аналардың бақытты күлкісімен  және ризашылықтарымен аяқталды!