Day: Қазан 28, 2019

Табиғатты сүюді, қорғауды үйрен!

 «Табиғатты  сүюді, қорғауды үйрен!» бағдарламасы аясында  Туристік-өлкетану бөлімі оқушылары Көкжайлау жолындағы Алматы Кіші шатқалына серуендеу  акциясын ұйымдастырды.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі шығыстан батысқа қарай Кіші және Үлкен Алматы шатқалының арасында, Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан.

Тракттың абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 1450-1740 м биіктікте. Бұл ең танымал жаяу жүру жолдарының бірі.

«Альпілік шалғын» – Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарының арасында орналасқан. Аудан жабайы табиғаттың әдемі көріністерімен, тау ағындарымен, тау массивтерімен, сонымен қатар қызықты серуендермен ерекшеленеді.

«Менің Отаным-Қазақстан» атты Әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

Ертегілер залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Менің Отаным-Қазақстан» атты Әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

Кешке Оқушылар сарайы балалар бірлестіктерінің оқушылары қатысты. Балалар Қазақстан туралы суреттер дайындады, өлең оқыды, ән айтты, біздің көпұлтты Қазақстан мемлекетінде тұратын халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы баяндамалар жасады. Қатысушылар «Менің Отаным-Қазақстан»  тақырыбында слайд көріп, әртүрлі ойындарға қатысып, Оқушылар сарайының тәлімгерлері тағайындаған әсем ән-шашуды тамашалады. Біздің  сүйікті Отанымыз – Қазақстанға арналған осы керемет шарадан оқушылар көптеген қызықты және мазмұнды нәрселер білді!

Өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті

Оқушылар сарайының көрме залында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті.

Өткізіліп отырған көрме байқаудың мақсаты айқын. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ санасында ата-баба мұрасын жаңғырту мақсатында қолға алынып отырған бұл байқаудың берері мол.

Аталмыш көрме байқау аясында қаламыздағы О.Таңсықбаев атындағы колледждің арнайы пән оқытушылары С.Оразалиев, Л.Сатпаева, Е.Таңсықбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көркемөнер бөлімінің меңгерушісі Б.Бектаев, Оқушылар сарайы қосымша білім беру педагогі Р.Болатова ата-бабамыздың мұрасына айналған ұлттық өнер туралы танымдық ой-пікірлерін ортаға салды.   

Жұмыстар 6 номинация бойынша бағаланды. Жеңімпаздарға 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

1 дәрежелі жүлдегерлер: Ұзақ Дана, Әзкен Әди, Ниетбай Исатай Мейрамұлы, Алимов Ділмұрат Пархатұлы, Каим Жанель, Нұрлыбек Нұрай Айбекқызы.
2-дәрежелі диплом иегерлері: Уксимбай Арсен, Нурмят Асыл Айдынылы, Түрлыбекова Айжан, Ким Анель, Коспанова Диана-Омар Елдана, Серікбай Әсел.
3-дәрежелі диплом иегерлері: Бекмұратова Аныр, Жазыбай Бағжан, Айтжан Әлібек Мұхтарұлы, Талдыбек Қайнарбек- Сайлаубек Нүрсейт, Болат Алихан Қантұлы, Жанымханов Мирас.
 1-дәрежелі диплом алған қатысушылар: 2019 жылы 30 қазанда Шымкент қаласында өтетін «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз»  Республикалық көрме-байқауына қатысады.

Қатысушыларымызғы сәттілік тілейміз.