Day: Қараша 14, 2019

Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары

Алматы қаласы Оқушылар сарайы мен «Smart» өнер мектебі

«Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары»

атты музыкалық ертегісін ұсынады!

Біздің сүйікті кейіпкерлеріміз Эльза ханшайым мен Моананың жаңа жылдық оқиғалары сіздерді ертегі әлеміндегі таңғажайып сәттерге бөлейді! Балалар спектаклі мен жаңа жылдық шырша, мультфильм кейіпкерлері, ойындар мен шоу бағдарламалары сіздерге жаңа жылдық көңіл күй сыйлайды!

Бұл сценарий  4-16 жастағы балалардың Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізуге арналған сценарий. Сценарий жобасы балалардың мерекесін заманауи үлгіде өткізуіне бағытталған. Балалардың жақсы көріп кеткен мультфилімдегі кейіпкерлерін, қазақ тілде сөйлетіп, осы кейіпкерлер арқылы адам арасындағы сыйластыққа, достыққа, өзгелерді жақсы көруге, мәдениеттілікке, талғампаздылыққа, өзін өзі еркін ұстауға  баулу.

Музыкалық қойылымның ұзақтығы 1 сағат. Қойылымдағы персонаждар балалар мен жасөспірімдерге танымал мультфилім кейіпкерлерімен жақындаса түсіп оларды сахнада көру мүмкіндігіне ие болады. Ханшайым Эльза, Кристофф ханзада, Олаф, Моана, мистер Гринч, Малефисента, және т.б кейіпкерлер Жаңа жылдық мерекені әрлендіре түседі.

Сіздерді естен кетпес қызықты оқиғалармен шоу бағдарлама күтеді!

Спектакль ұзақтығы: 1 сағат 00 минут

Жаңа жылдық шырша: 30 минут

2019 жылдың 23-30 желтоқсан аралығында.

уақыты: 11:00 – 12:30; 15:00 – 16:30;

Байланыс телефоны: 87780016969; 8(727) 263 28 99;