Day: Қараша 21, 2019

Тұңғыш Президенті туралы ақпараттық мұражайына оқушылармен экскурсия

Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген онкүндікте «Ағылшын тілі» балалар ұйымы жетекшісі А.Е. Бекпейсова Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаев туралы «Мәңгілік Ел» ақпараттық мұражайына оқушылармен экскурсия жасады.  Экскурсия барысында педагог Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасы кітабының құжаттар көрмесімен таныстырды.

Экологиялық-биологиялық бөлімде конференциясы өтті

Бүгін экологиялық-биологиялық бөлімде бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарының қазақ тіліндегі конференциясы өтті. Зерттеу жұмыстары -11, реферативтік жұмыстар – 12 данасы қаралды. Барлық балалар жұмыстарын өте батыл қорғады. Бұл олардың өміріндегі алғашқы ғылыми баяндамалары. Байқау жеңімпаздары 2019 жылдың 6 желтоқсанда жарияланады. Ертең орыс тілінде зерттеу жұмыстары байқауы өтеді.

Дзюдодан ашық республикалық турнир

Өткен жексенбі күні Оқушылар сарайының үлкен спорт залында “дзюдодан ашық республикалық турнир” өтті.  Педагог М.С. Мырзалиевтің тәрбиеленушісі Насипов Мади осы турнирде лайықты өнер көрсетіп, күміс медаль алып, 2 орынға ие болды.