Day: Қараша 30, 2019

Спорт бөлімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмді тамашалады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онкүндік аясында, Оқушылар сарайының “Жас Ұлан” мәжіліс залында спорт бөлімінің білім алушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы деректі фильмді тамашалады.

Ертегілер елінде қонақта

Бастауыш сыныптары арасында театр ұжымдарының “Ертегілер елінде қонақта” атты эко-миниатюралар қалалық конкурсы өтті. Сайысқа 18 мектептің  театр ұжымдары қатысты. Экологиялық тақырыпта спектакльдер ұсынылды. Спектакльдерді кәсіби қазылар алқасы Ермашов әуесқой театрінің режиссері мен әртістері бағалады. Жеңімпаздарды марапаттау 6 желтоқсанда сағат 15.00-де өтеді.

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қабылдау рәсімі

2019 жылғы 29 қараша күні Алматы қаласы Оқушылар сарайының  Салтанат залында Алматы қаласының үздік мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас- Қыран» қатарына  қабылдау рәсімі өтті.«Жас Ұлан» бірыңғай жастар ұйымы жас ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, гуманизм, толеранттылық, отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық қағидалары негізінде қазақстандық патриотизм рухында қалыптастырады.

 «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қатарына әрдайым жаңа мүшелер қабылданып отырады.«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы болашақ ұлт элитасын, жаңа формациядағы жас қазақстандықтарды қалыптастыруға бағытталған.