Month: Қараша 2019

Дзюдодан ашық республикалық турнир

Өткен жексенбі күні Оқушылар сарайының үлкен спорт залында “дзюдодан ашық республикалық турнир” өтті.  Педагог М.С. Мырзалиевтің тәрбиеленушісі Насипов Мади осы турнирде лайықты өнер көрсетіп, күміс медаль алып, 2 орынға ие болды.

Баскетболдан қалалық турнирдің төртінші туры өтті

Жәния Әубәкірованің авторлық колледжінің спорт залында баскетболдан қалалық турнирдің төртінші туры өтті. Оқушылар сарайы командасының қатысушыларын бастап барған жетекші В. В. Кулинич, ЦСКА командасының қатысушыларымен бірге төрт ойын қорытындысы бойынша бірінші турда екінші орынға ие болып, екінші турға өтті.

Зерделеу және пысықтау, жаңа тәсілдер

«Айкидо» балалар ұйымында  Д. Шуленбаев ашық сабақ өтті. Тақырыбы  “Зерделеу және пысықтау, жаңа тәсілдер”. Сабақ өте белсенді, жақсы қарқынмен өтті. Бірінші оқу жылындағы балаларға арналған жаңа материалға спорт рухын қосып үйретіп, күрес дағдыларын меңгеріп, мысалдар келтірді. Сабақ барысында жеке, жұптық және ұжымдық жұмыс түрлері қолданылды.  

Классикалық би сабағы

Бүгін Оқушылар сарайында “Арман” балалар бірлестігінің жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Г. С. Сарманова «Классикалық би сабағы» тақырыбы бойынша ашық сабағын өткізді. Педагогтің кәсіби жұмысы және қыздардың 100% ықыластылығы барлық қатысушыларды тамсандырды.  

«Аққан жұлдыз» тақырыбында әдеби көрме

Экология – биология бөлімшесінде педагог А.А. Касанова «Аққан жұлдыз» тақырыбында әдеби көрме өткізді. Балалар Шоқан Уалихановтың  өмірі мен қызметі жайында молынан мәлімет алдып ұлы ғалымның шығармашылығымен сусындап қайтты.

Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары

Алматы қаласы Оқушылар сарайы мен «Smart» өнер мектебі

«Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары»

атты музыкалық ертегісін ұсынады!

Біздің сүйікті кейіпкерлеріміз Эльза ханшайым мен Моананың жаңа жылдық оқиғалары сіздерді ертегі әлеміндегі таңғажайып сәттерге бөлейді! Балалар спектаклі мен жаңа жылдық шырша, мультфильм кейіпкерлері, ойындар мен шоу бағдарламалары сіздерге жаңа жылдық көңіл күй сыйлайды!

Бұл сценарий  4-16 жастағы балалардың Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізуге арналған сценарий. Сценарий жобасы балалардың мерекесін заманауи үлгіде өткізуіне бағытталған. Балалардың жақсы көріп кеткен мультфилімдегі кейіпкерлерін, қазақ тілде сөйлетіп, осы кейіпкерлер арқылы адам арасындағы сыйластыққа, достыққа, өзгелерді жақсы көруге, мәдениеттілікке, талғампаздылыққа, өзін өзі еркін ұстауға  баулу.

Музыкалық қойылымның ұзақтығы 1 сағат. Қойылымдағы персонаждар балалар мен жасөспірімдерге танымал мультфилім кейіпкерлерімен жақындаса түсіп оларды сахнада көру мүмкіндігіне ие болады. Ханшайым Эльза, Кристофф ханзада, Олаф, Моана, мистер Гринч, Малефисента, және т.б кейіпкерлер Жаңа жылдық мерекені әрлендіре түседі.

Сіздерді естен кетпес қызықты оқиғалармен шоу бағдарлама күтеді!

Спектакль ұзақтығы: 1 сағат 00 минут

Жаңа жылдық шырша: 30 минут

2019 жылдың 23-30 желтоқсан аралығында.

уақыты: 11:00 – 12:30; 15:00 – 16:30;

Байланыс телефоны: 87780016969; 8(727) 263 28 99;

Алматыдағы Джаз мерекесі


2019 жылдың 13-14 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Алматыдағы Джаз мерекесі» атты қысқы фестивалі Оқушылар сарайының сахнасында. Белгілі француз саксофонисті, компазитор, оранжировщик, париж консерваториясының оқытушысы және Тагир Зариповтың жетекшілігімен «Джаз бенд» орекстрі Француа Жанноның «Алматыға саяхат» авторлық бағдарламасымен өнер көрсетеді. Концертке Қазақстандық джаз жұлдыздары: Виктор Хоменков Бенд, Гаухар Саттарова Және «Steps» тобы, Валентина Боровикованың жетекшілігімен «Twinklejazz» скрипкашылар ансамблі, Валентина Шатилова мен Елена Головина жетекшілік ететін мектептің джаз хоры қатысады.

Концерттің басталуы: 13 желтоқсан сағат 19.00-де

                                     14 желтоқсан сағат 16.00-де

Құрметті ата-аналар!

Алматы қаласы, Білім басқармасы МКҚК «Оқушылар сарайы» 2019-2020 оқу жылына балет мектебіне балаларды қабылдайды.
Конкурстық іріктеу: 2019 жылдың

  • 12 қараша күні сағат 10.00-13.00;
  • 13 қараша күні сағат 10.00-13.00; 19.00-21.00;
  • 14 қараша күні сағат 10.00-13.00;
  • 15 қараша күні сағат 10.00-13.00; 19.00-21.00;
  • 16 қараша күні сағат 10.00-13.00;

5 пен 10 жас аралығында келесі нормативтік құжаттар негізінде өткізіледі.

• «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (19.04.2019 ж. өзгерістермен)
• «Балаларға қосымша білім беру ұйымдары түрлері бойынша үлгі ережелері», 2013 жылғы 5 шілде, 2018-де түзетілген.
• «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170
• Алматы қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №4606 қаулысымен (ақылы білім беру қызметтерін мақұлдау туралы)
• Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» МКҚК Жарғысы.

Байланыс телефоны: 87272642206, 87772612905;
9.00 -18.00 аралығында хабарласыңыздар.