Day: Желтоқсан 3, 2019

Джаз мектебінің сүйемелдеуімен жанды дыбыстағы концерттік номер

2019 жылдың 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған Esentai Mall сауда орталығында өткен іс-шараға Оқушылар сарайы джаз мектебінің хоры Тагир Михайлович Зариповтың сүйемелдеуімен жанды дыбыста концерттік номерімен қатысты.

Жұмыс сапары

2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында автоматтандыру мен  робототехника жүйесі, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастар негізінде өзара ынтымақтастықты  жетілдіру және озық тәжірибе алмасу мақсатындаАлматы қаласы Білім басқармасы және Оқушылар сарайы делегациясы Татарстан Республикасына іс-сапармен барып қайтқан болатын. 

Осы орайда 2019 жылдың желтоқсан айының 4-7 аралығында «Оқушылар сарайына» Татарстаннан келген қонақтарды қарсы аламыз. Мұндағы басты мақсат: автоматтандыру мен  робототехника жүйесі, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастардың негізінде өзара ынтымақтастықты  жетілдіру бойынша озық тәжірибе алмасу  болып табылады.

Қазан қаласының “Оперение” шығармашылық дамыту студиясы, муниципалды бюджеттік мәдениет мекемесіне қарасты Бүкілресейлік қозғалыс алаңының балалар мен жастардың аймақаралық “Оперение” платформасында ұйымдастырылған топ келеді. Бірлестіктің негізін қалаушы Ресейдің Халық әртісі Константин Хабенский.  

            Бұл студияда  біздің елімізге кәсіби сахна шеберлерімен бірлесіп өз өнерлерін ортаға салады, балалардың физикалық және психологиялық тұрғыдан босату, өзін-өзі тану, сезімдер мәдениеті мен әлемді эстетикалық түсіну шығармашылығын және жеке әлеуетін дамытуға көмектесетін бағдарламаларымен бөліседі.

            Олардың жұмыс сапарына байланысты біздің Оқушылар сарайы дайындаған бағдарламада қонақтарға арналған концерттер, Оқушылар сарайының актерлік шеберліктер бойынша мастер-кластар, шеберлік сыныптары, экскурсиялар және музыкалық аспаптар музейіне апару, “Qazaq Oner” студиясында шеберлік сабағы және қаламыздың көрікті жерлерімен танысу қарастырылған.

“1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні” атты көрме-бауқауы

29 қараша күні сағат 15: 00 – де Алматы қаласы “Nur Otan” партия Медеу ауданы филиалымен бірлесіп Тұңғыш Президент күніне арналған “1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні” атты көрме-бауқауы өткізілді. Байқауға Алматы облыстық Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернат, мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы, №17 жалпы білім беретін мектеп-интернатының  балалары, Оқушылар сарайы балалар бірлестіктері қатысты. Көрме-байқау қатысушыларына дипломдар, сертификаттар, естелік сыйлықтар және жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.