Day: Желтоқсан 23, 2019

Жаңа жыл – бұл сиқыр күтетін уақыт

Ең сүйікті, қуаныш әкелетін мерекелерінің бірі. Бала үшін – бұл жаңа жылды күтудің маңызды бөлігі, көптен күткен және өте жауапты іс-шара. 

Бүгін 2019 жылдың 23 желтоқсанында Оқушылар сарайы Алматы қаласының балаларына арналған жаңа жылдық мерекелерді өткізу басталып кетті. Күн сайын 30 желтоқсанға дейін балалар мен жасөспірімдерді “Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары” атты тосын сыймен қуантады.Балаларға арналған  карнавалдық дискотекамен хоровод, ертегі кейіпкерлері ойындарымен және көңілді әзілдерімен қуантады.