Month: Желтоқсан 2019

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Қазақ күресінен турнир.

Оқушылар Сарайының үлкен спорт залында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған Қазақ күресінен турнир өтті. Жарысқа еліміздің болашақ чемпиондары, қаланың барлық аудандарынан келген балалар қатысты.  Турнирге Оқушылар сарайы атынан педагог М. С. Мырзалиевтің шәкірттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Нусипов Мади – 1 орын, Амиржанов Бижан – 2 орын, Джаксылыков Дулат – 2 орын, Быков Иван “Показательные выступления” шоуының қатысушысы болды.

“Өз қалаңды білесің бе?”

“Өз қалаңды білесің бе?” қалалық өлкетану олимпиадасы “Ұлы Абай” қазақ ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл тақырыбына арналған.

Туристік-өлкетану бөлімшесі 2019 жылдың 14 желтоқсанында Алматы қаласында “Өз  қалаңды білесің бе?” атты қазақ ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуы тақырыбына арналған Алматы қаласы мектеп оқушылары арасында Олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Абай шығармаларының өскелең ұрпаққа маңызын көрсету. Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі өлкетану мен туризмнің рөлін арттыру, олардың бойындағы патриоттық және азаматтық жауапкершілігін арттыру; шығармашылық қызметке қабілеті бар дарынды балаларды анықтау және қолдау; балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасымен таныстыру;

Әр кезең бойынша жүлделі орындар анықталды. Командалар жоғары білім, эрудиция, өз сауаттылықтарын көрсетті.

Жүлделі орындарға ие болған мектеп командалары:

1 кезең. “Жас зерттеуші”іздеу-зерттеу жұмысы.

1-орын № 157 мектеп, Наурызбай ауданы

2-орын № 192 мектеп, Наурызбай ауданы

3-орын № 58 мектеп, Алмалы ауданы

2 кезең. Конкурс білгірлері.

1-орын №17 мектеп,Түрксіб ауданы

2-орын № 29 мектеп, Медеу ауданы

3-орын № 58 мектеп, Алмалы ауданы

3 кезең. Экскурсоводтар сайысы.

1-орын №58 мектеп, Алмалы ауданы

2-орын №17 мектеп,Түрксіб ауданы

3-орын № 157 мектеп, Наурызбай ауданы

4 кезең. Капитандар сайысы.

1-орын №17 мектеп,Түрксіб ауданы

1-орын № 157 мектеп, Наурызбай ауданы

2-орын № 59 мектеп, Түрксіб ауданы

Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Марапаттау


Бүгін «Оқушылар сарайы» БПҰ мүшесі М.С. Сегизбаева Тәуелсіз еліміздің білім мен ғылым саласына және ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестерін бағалай отырып, «Nur Otan»  партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы С. Макежановтың арнайы жолдаған алғыс хаттарымен бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Сонымен қатар кәсіподақ тарапынан гүл және ақшалай сыйақы табысталды.

Құрметті әріптерсер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. Тәуелсіздік күні – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Осы мерекеде әрбір шаңыраққа – береке, елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, еңбекте сәттілік тілейміз. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Еліміздің ұлық мерекесі құтты болсын!

«Алматыдағы Джаз мерекесі»


Бүгін ​ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Алматыдағы Джаз мерекесі» атты қысқы фестиваль өтті. «Алматыға саяхат» авторлық бағдарламасымен кеште өнер көрсеткен қонақтар белгілі француз саксофонисті, композитор, оранжировщик, париж консерваториясының оқытушысы және Тагир Зариповтың жетекшілігімен «Джаз бенд» орекстрі, сонымен қатар қазақстандық джаз жұлдыздары: Виктор Хоменков Бенд, Гаухар Саттарова Және «Steps» тобы, Валентина Боровикованың жетекшілігімен «Twinklejazz»​ скрипкашылар ансамблі, Валентина Шатилова мен Елена Головина жетекшілік ететін мектептің джаз хоры қатысты.

«Көкпар» интеллектуалды шоуы

Кеше  Оқушылар сарайы экология-биология бөлімшесінде Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Көкпар» интеллектуалды шоуы өтті. Жас юннаттар Қазақстан Республикасының тарихы мен географиясы бойынша сайысқа түсті. Қатысушылар тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, өздерінің шығармашылық қабілеттерін де көрсетті.

«Тәуелсіз Қазақстан – жастар көзімен» атты дөңгелек үстел

Бүгін Оқушылар сарайында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай, өнеге-салтымызды, ана тілімізді сүюге тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіз Қазақстан – жастар көзімен» атты дөңгелек үстел өтті.

Балаларды хореографиялық сыныпқа қабылдау жалғасуда

Алматы қаласы Оқушылар Сарайының балет мектебі 5-10 жас аралығындағы балаларды хореографиялық сыныпқа қабылдауды жалғастыруда. Баланы конкурстық іріктеуге жазылу дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10.00-ден 13.30-ға дейін және 1900-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Оқушылар сарайы «Интеллект» балалар ұйымының оқушылары 2019 жылдың 10 қыркүйек пен 29 қараша аралығында “Елбасы-ел тірегі!” атты ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған республикалық қашықтан қатысу байқауына қатысты. Байқаудың басты мақсаты-қазақстандық патриотизмді және балалардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау.

Қазылар алқасының шешімі негізінде “Елбасы-ел тірегі!” байқауда 12 қатысушы жеңімпаз атанды, оның ішінде Оқушылар сарайынан “Эссе” номинациясы бойынша бас жүлде  Евстифеева Тамирис (7-10 жас аралығында),  I орын  Омарбек Аружан (11-14 жас аралығында) жеңімпаз атанды.   

Оқушылар  сарайының “Жас суретші” балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі Амина Нұрғожаева ЮНЕСКО жобасының 20 жылдығына арналған «Балалар әлемді бейнелейді» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының республикалық байқауында жеңіске жеткені үшін дипломмен марапатталды.

«Біздің азаматтық ұстаным» тақырыбындағы қалалық слет- байқау

Ағымдағы жылдың 19 қараша мен 22 қараша аралығында қаланың барлық аудандарында “Біздің азаматтық ұстанымымыз” атты балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қалалық слет-байқауының аудандық кезеңі өткен болатын, оның ішінде қалалық байқауға 17 команда іріктеліп алынды.

Қалалық байқау балалардың қоғамдық бірлестіктері мен әлеуметтік маңызы бар бастамаларын қолдауға, олардың белсенді өмірлік ұстанымын ынталандыруға және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Слет-байқау тәжірибе алмасуға және балалар қоғамдық бірлестіктерімен жұмыстың жаңа түрлерін енгізуге, олардың көшбасшылық және шығармашылық әлеуетін дамытуға, жасөспірімдердің қозғалысын жандандырып, насихаттау арқылы олар танымал етуге, тәлімгерлердің, балалар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары мен көшбасшыларының кәсіби деңгейі мен беделін арттыруға ықпал етеді.

Слет-байқау белсенді, талантты, шығармашылық балаларды біріктірді. Аудан бойынша ең үздік болып Алатау ауданы – №150,41,184; Алмалы ауданы – №128, 95,39; Әуезов ауданы – № 121,6; Бостандық ауданы – №22, 105, 63; Жетісу ауданы – №3,87,143 Түрксіб ауданы – №50,162; Медеу ауданы – №28,48; Наурызбай ауданы № 200; мектеп командалары атанды.

Жеңімпаздар іріктеу турынан өтіп, бүгін Оқушылар сарайының үлкен концерттік залында өткен қалалық кезеңде өздерінің өмірлік ұстанымдарын қорғап шықты. Әр балаға Қазақстанның нағыз азаматы және патриоты болуға көмектесу, бұл бүгінгі күні-балалар ұйымының ең маңызды міндеттерінің бірі. Байқауға қатысатын әр команданың есебінде ондаған игі істер, шығармашылық бастамалар бар, сондықтан да байқаудың маңызды қорытындысы қызықты жұмыс тәжірибесімен алмасу болды. Қалалық кезеңнің нәтижелерін күтпестен, осы байқаудағы жеңімпаздар жобаның барлық қатысушылары деп сеніммен айтуға болады.

Балалар бірлестігіндегі әлеуметтену процесі балалар мен ересектердің ортақ мүдделері, бірлескен қызметі кезінде ғана тиімді болады. Бұл ретте балалардың өз азаматтық ұстанымын таңдау құқығы қалуы қажет.