Year: 2019

Наурызбай және Медеу аудандарының балаларына арналған мереке.

Бүгін Оқушылар сарайында Медеу және Наурызбай аудандарының балалары шыршаға келді. Балалар әр түрлі жаста болғанына қарамастан, барлығына қызықты болды. Спектакльде балалар кейіпкерлермен диалогқа қуана қатысып, олармен бірге Эльза ханшайымды сиқырлап алды.  Олар жағымсыз кейіпкерлерді әшкерелеп, Аяз ата мен Ақшақардың күміс арбасының келгеніне қуанды. Шыршаға арналған мерекелік сценарий өте ерекше болды. Балалар  ойнады да, биледі де, шыршаны айналып барлық іс-шараға қатысты. 2019 жылдың 23-30 желтоқсан аралығындағы жаңа жылдық қайырымдылық қойылымдарға 3486 бала қатысты. Олар: Наурызбай ауданы 359 бала «Бақытты отбасы» көпбалалы аналарды қолдау орталығынан, Медеу ауданы 537 бала көпбалалы отбасынан, 2263 бала әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан, Оқушылар сарайынан 253 бала әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан, 50 мүгедек бала, хат бойынша «Алматы қаласының мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы» реабилитация орталығынан – 24 бала. 

Оқушылар сарайының жаңа жылдық қойылымдары

Жаңа жылдық мереке – бұл балалар үшін жақсылық күтілетін және армандар орындалатын күндер, өйткені әрбір бала ғажайыпқа сенеді және оның армандарының тез жүзеге асуын қалайды. Бұл нағыз ғажайыптар кезеңі. Оқушылар сарайының жаңа жылдық қойылымдары бұл күндерді тағы да керемет және ұмытылмас күн сыйлайды. Жаңа жылдық қойылым – бұл жақсылық, таңғажайып сиқыр, шынайы балалар күлкісі мен шаттықтың символы. Ойын-сауық оқиғаларының әртүрлілігі балаларды қиялдағы ертегі әлеміне апарады, онда жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңеді, ал ғажайыптар шынайы іске асырылады. Аяз Ата және Ақшақармен бірге сүйікті ертегі мен танымал мультфильмдердің кейіпкерлері жаңа жылдық шыршаның қызығын қыздыра түсуде.

Қаза болған жолаушылардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Z92100 рейсінің апатқа ұшырауына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Осы қайғылы оқиғада зардап шеккендердің барлығының тез арада сауығуына тілектеспіз.

Наурызбай және Медеу аудандарының балаларына арналған мереке.

Бүгін Оқушылар сарайында Медеу және Наурызбай аудандарының балалары шыршаға келді. Балалар әр түрлі жаста болғанына қарамастан, барлығына қызықты болды. Спектакльде балалар кейіпкерлермен диалогқа қуана қатысып, олармен бірге Эльза ханшайымды сиқырлап алды.  Олар теріс кейіпкерлерді әшкерелеп, Аяз ата мен Ақшақардың күміс арбасының келгеніне қуанды. Шыршаға арналған мерекелік сценарий өте ерекше болды. Балалар  ойнады да, биледі де, шыршаны айналып барлық іс-шараға қатысты. Мереке соңында фойеде Аяз Атамен фото-сессия өтті.

1000-нан астам балалар бүгінгі Оқушылар сарайы шыршасының қонағы болды

Оқушылар сарайында балаларға арналған жаңа жылдық қойылымдар жалғасуда. Бұл қойылымның сиқырлы әрекетін бір рет бастан кешкен әрбір адамға өмір бойы ұмытылмас әсер қалдырады, өйткені өз ісінің шеберлері балалардың қиялын және көңіл-күйін көтеруді біледі. Ертегі кейіпкерлері балаларды фойеден бастап көңілді қарсы алып, жаңа жылдық ойындарға, конкурстар мен мастер класстарға қатыстыра отырып, ешкімнің назардан тыс қалмауын қадағалайды. Әрбір баланың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі ұсақ-түйекке дейін ұйымдастырушылармен ойластырылған және пысықталған. Ал мерекелік іс-шараның безендірілуі ең талғампаз халықты таң қалдырады. Иә, не айтуға болады… көп рет естігеннен, оқығаннан бір рет көрген жақсы!

Медеу ауданы көпбалалы отбасыларына арналған шырша

Бүгін, 25 желтоқсан Оқушылар сарайына, жаңа жылдық мерекеге Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының шақыруымен ауданның көпбалалы отбасы балалары шақырылды.​ Балалар қойылымға әдемі киініп, көтеріңкі көңілмен келді. Олардың  үміті  ақталды. Санта Клаустар мен көңілді актерлар кіре берістен қарсы алды. Жаңа  жылдық  қойылымға  қатысып жатқан Оқушылар сарайының актерлік  шеберлік  бөлімі мен “Арай” жоғарысыныптар клубының білім алушылары өздерін жақсы әртіс ретінде көрсетіп, ұйымшылдықпен мерекені қыздыра түсті. Қойылым  басталғаннан  бастап  сүйікті  кейіпкерлер  балаларды  ертегілердің  ғажайып  әлеміне  қызықтырды. Балалар  көріністі беріле қарап, жағымды  кейіпкерлерге  көмектесуге  тырысты. Шыршаны мульфильмдегі сүйікті кейіпкерлерімен бірге айналып, ойындарға  белсене  қатысты. Мерекелік іс-шараның соңында балалар  Медеу ауданы әкімі  аппаратының дайындаған  жаңа жылдық сыйлықтарын алды.

Қаламыздың балаларына арналған жаңа жылдық мерекелердің екінші күні

Балалар үшін әр Жаңа жыл – бұл сиқырлы ертегі. Армандар орындалып, әр түрлі ғажайыптар орын алған уақыт. Оқушылар сарайының педагогтары балалардың осы көңіл-күйін қолдауға тырысады, сондықтан биылғы жылы өткізілетін жаңа жылдық мерекелер қызықты тосын сыйға, бірегей театрландырылған қойылымға толы, экранда мультфильм кадрлары жүріп, оның кейіпкерлері сахнамен өмір сүреді және залда балалармен қарым-қатынас жасайды. Кішкентай көрермендер ертегі кейіпкерлерімен бірге зұлымдық пен әділетсіздікті бірге жеңіп, жақсылық салтанатына бөленеді. Қойылым аяқталғаннан кейін балалар ертегі мен мультфильмдердегі сүйікті кейіпкерлерімен бірге Салатанат залында шыршаны айналып, Оқушылар сарайының өнерпаздары ұсынған ән – биін тамашалады.

Кеше жаңа жылдық шыршаға Білім және ғылым қызметкерлері қалалық кәсіподақ ұйымдарының шақыртуымен қаланың мектептері мен колледж, балабақша қызметкерлерінің балалары қатысты.  Көңіл – күйлеріңіз көтеріңкі, мерекелеріңіз жақсы өтсін!

Жаңа жыл – бұл сиқыр күтетін уақыт

Ең сүйікті, қуаныш әкелетін мерекелерінің бірі. Бала үшін – бұл жаңа жылды күтудің маңызды бөлігі, көптен күткен және өте жауапты іс-шара. 

Бүгін 2019 жылдың 23 желтоқсанында Оқушылар сарайы Алматы қаласының балаларына арналған жаңа жылдық мерекелерді өткізу басталып кетті. Күн сайын 30 желтоқсанға дейін балалар мен жасөспірімдерді “Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары” атты тосын сыймен қуантады.Балаларға арналған  карнавалдық дискотекамен хоровод, ертегі кейіпкерлері ойындарымен және көңілді әзілдерімен қуантады.

“Арай” жоғары сыныптар клубының еріктілер қойылымы

2019 жылы 19 желтоқсанда Оқушылар сарайы  балалар  бірлестігін үйлестіру бөлімінің “Арай”  жоғары сыныптар клубы  білім алушылары Алматы қаласы “SPECIAL OLYMPICS” филиалымен меморандумға сәйкес, күннің бірінші жартысында “КИМЭП” залында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған екі қайырымдылық жаңа жылдық ойын бағдарламасын өткізді. Мерекеге 303 бала қатысты. Аяз ата мен Ақшақар, тышқан және басқа да ертегі кейіпкерлері хоровод жүргізді, ән айтып, балалармен көңілді ойындар өткізді. Ал түстен кейін “Арай” жоғары сыныптар клубының білім алушылары Республикалық онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында  Балалар бөлімінде емделіп жатқан 25 балаға осындай бағдарламаны өткізді. Аяз Ата  және ертегі кейіпкерлерімен кездесу балаларға қуаныш әкелді.