Month: Қаңтар 2020

Қызықты Робототехника “ARDUINO”


Электр  техникасы – бұл  тек  теориялық  ғылым  ғана  емес, сонымен  қатар  нақты  технологиялар, сондай-ақ  бізге  өркениетті  әлемде өмір  сүруге  мүмкіндік  беретін  электр  техникалық  бұйымдар  мен  жүйелер.  Электр  энергиясын  практикалық  қолданудың  үш  деңгейі мен  үш  түрлі  саласы:  электр  құрылғылары  мен  процестері  туралы  ғылым,  электротехникалық  құрылғыларды  өндіру  технологиясы, электротехникалық  құрылғылар  және  процес  өнімдері.  Электрлік  техника  өнімдерін  біз  күн  сайын  барлық  жерде  көреміз.  Бұл ғимараттар  мен  көшелердің,  өнеркәсіптік   кешендердің   электр   жабдықтары  (жарықтан бастап өмірлік маңызды функцияларды қамтамасыз етуге дейін). Робототехника  сабағында  балалар  электр  тізбектерінің  компоненттерін  (жарық диодтар, резисторлар, транзисторлар, потенциометрлер,  сервоприводтар,  датчиктер  және т.б.)  құрастырады  және  сенсорлары  бар  күрделі  электр жүйелерінің  макеттерін  жасайды  (ылғалдылық, алыстан өлшегіштер, қысым, эхолоттар және т. б.).

“Туған жер” қалалық экологиялық білім марафоны

29 қаңтар күні экология-биологиялық бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған “Туған жер” атты қалалық экологиялық білім марафоны өтті. Экологиялық білім марафонының негізгі мақсаты мен міндеттері табиғатқа қатысты белсенді ізгілікті ұстанымды қалыптастыру. Марафонға орыс тілінде оқитын 12 мектеп қатысты.

Экологиялық марафон


28 қаңтарда экология-биология бөлімшесінде қазақ тілінде оқитын балаларға арналған экологиялық марафон өтті. Экологиялық марафонының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Су ресурстары».  Марафонға қаланың 12 мектебі қатысты.           

Қазақстанның үлкен аумағы мұхитқа шыға алмайтын ішкі көлдердің ағынсыз бассейндеріне жатады.  Өзінің географиялық жағдайына байланысты Қазақстан Су ресурстары тапшылығына ие.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған поэтикалық қойылым

«Арай» жоғарғы сынып оқушылары клубы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған “У войны не женское лицо”атты поэтикалық қойылым өткізді. Іс – шараның мақсаты – балалар мен жастар арасында сахналық өнер және ұлттық, патриоттық сезімді, Отанға деген құрметті, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтың ұлы ерлігін еске алу мен тарихқа ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Ашық сабақ

Балалар ынтасын үйлестіру бөлімінің ағылшын тілі пәнінен қосымша білім беру педагогы Т.В. Римашевская «Present continuous tense» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жұптық, деңгейлік, топтық, тыңдау дағдылары бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпараттық сағат


“Мәңгілік ел” кабинетінің меңгерушісі Шамгунова Регина Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жетістіктерін насихаттау мақсатында ақпараттық сағат өткізді.

Кәсіптік бағдар беру форумы

Алматы қаласы Білім басқармасы мен ЖОО және колледждермен бірлескен кәсіби жұмыс аясында 2019-2020 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру форумы өтті. Іс – шараның мақсаты – талапкерлер мен ата-аналарға жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу және оқу шарттары мен мамандықтар туралы толық ақпарат беру.

Халықаралық байқау жеңімпаздары

Оқушылар сарайының білім алушылары ағымдағы жылдың 18-19 қаңтарында Алматыда өткен “Jiger synergy” халықаралық байқауына қатысып жүлделі орындар иеленді. Шараға джаз мектебінің 3 тәрбиеленушісі қатысты. Олар: Касымова Жания лауреат 2 орын, Каден Амина лауреат 2 орын, Болатова Рамина лауреат 3 орын.

Бокстан ашық біріншілік

Ағымдағы жылдың 16-19 қаңтар аралығында Алматы қаласының “Almaty Boxsing Club” бокс клубында 2006-2007, 2008-2009 және 2010-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан ашық біріншілік өтті. Алматы қаласы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Н. З. Мұхамбетқалиевтің шәкірттері осы жарыста лайықты өнер көрсетті. Олар: Серік Досжан – алтын медаль, Елтай Рауан – күміс медаль, Алтаев Еркін – қола медаль, Алтаев Еламан және Асылхан Арсен иеленді. Біздің жүлдегерлер мен олардың педагогтарын құттықтаймыз!!! Алар асуларыңыздың көп болуын тілейміз!!!   

Мұражайға саяхат

2020 жылдың 19 қаңтар күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар жасөспірімдер ұйымы жоспар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына шолу жасады. Мұражайдың тарихына көшсек, 1976 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ мемлекттік көркемсурет галереясының  (1935 жылы қаланған)  және Республикалық қолданбалы өнер музейінің 1970 жылғы қоры негізінде қаланған. 1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

Екінші қабатқа көтерілген бойда көзге таныс, көңілге ыстық қазақтың ұлттық  ер-тұрманы, алдаспан қылыштар, текемет, тұскиіз, сәукеле, қалыңдық көйлегі т.б қойылған. Келесі залдан бастап көркемсурет туындыларының көрмесі басталады. 
Бұл жерден Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының  кескіндеме, графика, сәулет өнерінің баға жетпес жұмыстары бар. Музейдің  экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізі мен даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронологияға негізделген. Жан-жағыңнан қоршаған картиналарға қарап, әр уақыттың тыныс-тіршілігіне куә боласың.