Day: Ақпан 11, 2020

“Жас журналист мектебі”

Бүгін “Жас журналист мектебі” балалар бірлестігінде педагог В. М. Литвинов “Наурыз” тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында балалар сұхбат алды, собкорлар рөлінде сөз сөйледі, педагогтың басшылығымен “Дружные ребята” газетіне өз жазбаларын редакциялады. Сабақ барысында тәжірибелі педагог кеңес беріп, білім алушыларға журналистің шеберлігі мен дағдыларын қалай жақсы меңгеруге кеңес берді. Сабақ қызықты және танымды өтті.

“Интеллект”

9 ақпанда Оқушылар сарайының “Интеллект” балалар бірлестігінде “Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті. Ақындық жанрдың бастауы Бата сөз”тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлі түрлерінің арасында айтыс, шешендік сөз, алғыс – қарғыс, жұмбақ, тақпақ және көркем ойлау мен мәдениетті бейнелейтін “Бата сөз” жанры ерекше орын алатынын білді. Педагог балаларды В. Радловтың “Сайын батыр” эпосынан шыққан ақындық батасының мысалымен таныстырды. Балалар суретші Нұржан Қарымсақовтың “Бата” картинасына жаңаша бағытпен қарады. Бата жанрларымен танысып, оқушылар өздері әртүрлі тақырыптарға бата жасауды үйренді.