Day: Ақпан 13, 2020

Кездесу

Бүгін салалық кәсіподақ төрайымы А.М. Мұқашева  Алматы қаласының білім беру басшылары мен қызметкерлеріне кездесу өткізді.Кездесу тақырыбы:” Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы  «Педагог мәртебесі туралы» Заңын түсіндіру.

“Медеу” бекетінде өткізілген «Алғыс айту» күніне арналған іс-шара

Оқушылар сарайының туристік – өлкетану бөлімінде Алғыс күніне арналған флэшмоб пен көңілді старттар өткізілді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын бейнесін көрсету, өскелең ұрпаққа төзімділік, достық және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.Шара “Медеу” станциясында өтті. Бірінші бөлімде қатысушылар «Елімізде достастық нығаюда!»ұранымен флэшмоб өткізді. Балалар достық туралы сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, достық туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты.

“Қазақстанның су ресурстары” экологиялық онлайн Білім марафоны.

“Оқушылар сарайы” МКҚК экология-биологиялық бөлімшесінде ҚР Конституциясының                     25 жылдығына арналған “Қазақстанның су ресурстары” тақырыбында “Туған жер” атты республикалық экологиялық онлайн Білім марафоны өтті. Осы экологиялық білім марафонының негізгі мақсаттары мен міндеттері табиғатқа қатысты белсенді ізгілікті ұстанымдарды қалыптастыру, жер планетасының ортақ үйінің тағдыры үшін жауапкершілік болып табылады. Әр өңірден 8 команда қатысты: Талғар, Шымкент, Орал, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облысының            2 командасы.