Day: Ақпан 19, 2020

Бокстан кіші жасөспірімдер арасында Алматы қаласының Чемпионаты өтті

Еуразия заң академиясының бокс залында бокстан кіші жасөспірімдер арасында Алматы қаласының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Оқушылар сарайы  «бокс» секциясының тренері  Н.З. Мухамбеткалиевтің шәкірті Серік Досжан қатысып, 3 орынға ие болды. Досжан, жеңісің құтты болсын!

Республикалық «Самға» ән байқауы.


Республикалық «Самға» ән байқауына Оқушылар сарайының «Шабыт» вокал студиясының тәлімгерлері қатысып, жүлделі орындар иеленді. Олар: Тұрдалы Дастан – Бас жүлде; Жайырбекова Аружан – Бас жүлде; Сырымова Сымбат – Бас жүлде; Мұқанғали Сұлтан – Бас жүлде;  Жалғасбек Нұрдаулет – Бас жүлде; Мәулен Жасмин – Бас жүлде; Абдилбекова Амина – Бас жүлде;  Үздік бас жүлде иегері – Абдибекова Айнель.

Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен іріктеу турнирі


Ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Алматы Арена» спорт кешенінде 2005-2007 ж.ж. жастар арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу турнирі өтті, Батсиев Сайхан Оқушылар сарайынан турнирге қатысып  3-орынды иеленді, Грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға рұқсат алды. Сайханға жаңа жеңістер тілейміз !!!

Жеңімпаздарымызды және педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.


Музыка мектебінің білім алушылары 53 қалалық жас музыканттар байқауына қатысып, жүлделі орындар алды. Олар: Бикбаева Полина – Гран При (педагог Ивчкенко Э. М.), Исраилов Руфат – 1 орын (педагог Лапина Е. Н.), Шегай Александра – 2 орын (педагог Тайжанова Е. В.), Аделек Фолашаде – 3 орын (педагог Пелевина О. Ю.), Ким Аличе – 3 орын (педагог Власенкова Т. А.), Шорохова Мария – 3 орын (педагог Тайжанова Е. В.), Байназарова Адель – диплом (педагог Диордица В. И.).  Жеңімпаздарымызды және педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.