Day: Наурыз 4, 2020

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында

2020 жылдың 3 наурызында, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Оқушылар сарайы” МКҚК әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы, балалар музыкалық джаз мектебі мен экология-биологиялық бағыттағы бөлімшеде қызмет атқаратын әйелдер қауымын құттықтады. Оларға грамоталар, алғыс хаттар, гүлдер, сыйлықтар табыс етілді.

Дана Абай – Дара Абай

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойына байланысты Оқушылар сарайында «Дана Абай – Дара Абай» атты көркемсөз байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың Абай даналығынан нәр алып, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, ізгілік тәрбие алу. Абай әлемі арқылы сұлулыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Байқауға №104, №182, №103 мектеп оқушылары қатысты.

“Жас құтқарушылар”

       Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылдың 02 наурыз күні ашық есік күнін өткізді. Бағдарламада – “Алматы қаласы құтқару қызметі” арнайы техникасы мен жабдықтарын көрсету, ҚР ТЖД Апаттар медицинасы орталығы филиалынан арнайы далалық госпиталь ашылды. Бұл іс – шараға жыл сайын республикалық құтқарушылар жарыстарында өнер көрсететін Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімшесінің “Жас құтқарушылар” командасы қатысты. Балалар қала оқушыларына өрт сөндіру ісі, туризм техникасы, кинологтардың жұмысын көрсете білді. Бұл дағдылар біздің балаларға пайдалы, өйткені біздің қала техногендік аймақта орналасқан.

“Өнер арқылы жасыл ғаламшарға” экологиялық миниатюралар фестивалі


26 ақпанда “Өнер арқылы жасыл ғаламшарға” атты экологиялық миниатюралар фестивалінің қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Театр әртістері барлық қатысушыларға Ермашева әуесқой театры спектакльдеріне билеттер табыс етті.


Қазақ күресінен қалалық іріктеу турнирі

29 ақпан 2020 жылы Оқушылар сарайының педагогы М. С. Мырзалиевтың шәкірттері Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін қалалық іріктеу турниріне қатысып жүлделі орындар алды. Олар: Нусипов Мади – 1 орын (55 кг салмақта), Елнур Полат – 1 орын (70 кг салмақта), Онгарбай Жанибек – 3 орын (60 кг салмақта).