Day: Наурыз 24, 2020

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫН ЕНГІЗДІ.


Алматы қаласының Оқушылар сарайы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырды. 227 оқытушы және 6500 білім алушылар қашықтықтан оқыту форматына көшті. Қашықтан оқыту форматын енгізу аясында Оқушылар сарайында мұғалімдер қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқыту әдістерін қайта құру курстарынан өтуде. Карантин кезеңінде қашықтықтан оқыту форматын енгізу және мұғалімдер мен оқушылармен бірге 24/7 тәулік бойы жұмыс істейтін білім беру процесін үйлестіру бойынша жобаны жүзеге асыратын үйлестіруші-кеңесшілер тобы құрылды. Қашықтан оқыту форматын енгізу жобасы Zoom технологиясына негізделіп жасалды. Бұл платформа осыған ұқсас платформалардың ішіндегі ең ыңғайлы және үйренуге жеңіл платформа болып табылады. ZOOM қызметінің артықшылықтары: пайдалану ыңғайлылығы, қосымша жабдықты қажет етпейді, әлемдегі ең үздік оқу орындары пайдалануда. Zoom технологиясын оқыту үшін мұғалімдер мен оқушыларға видео-оқулықтар, нұсқаулықтар және басқа да құралдар жасалуда. Сонымен қатар, бағдарламада материалды бекіту үшін мұғалімдермен онлайн-кездесулер өткізілуде. 227 оқытушы білім беру әдістерін қашықтықтан оқыту форматына көшіру үшін онлайн курстардан өтуде.

1

«Оқушылар сарайы» балалар музыкалық мектебінде вокал бойынша қашықтықтан сабақ өткізілуде. Педагог Турунтаева Ирина Анатольевна оқушы Рысбекова Джамиляға минуспен  орындауды үйретуде.Тыныс алу, интонация тазалығы бойынша және туындының мазмұнын байыпты, мазмұнды түрде жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.


Алматы қаласының Оқушылар сарайында қашықтықтан оқыту⚜. 
 Балалар музыкалық мектебі, «Скрипка» пәні, педагог Нурмаханова Диана Шахи-Зидаевна. Скрипкада ойнауды үйрету бойынша қашықтықтан сабақтар өткізілуде. Оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, дыбысты шеберлікпен қолдану, техникалық шеберлікті дамыту!