Day: Сәуір 4, 2020

12

Алматы каласы Окушылар сарайының Балалар музыкалық мектебінде “флейта” сабағын қашықтықтан оқыту. Оқытушы Куанова Дана Төлегеновна
флейтада ойнауды үйрету бойынша 2- сынып оқушысы Ергобек Мухтармен қашықтықтан сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып орындаушылық тыныс алуын, ерін техникасын, тіл және т.б. үрмелі аспапта ойнауды үйрену бойынша дамыту жұмыстарын жүргізу барысында оқушы Дмитрий Шостаковичтің”Вроде марша” шығармасын ойнады.

Алматы қаласы Оқушылар сарайының Балалар музыка мектебі. Педагог Рауандина Шолпан Задановнаның кобыз сыныбында 0 сынып оқушысы Тулендиева Аружанның қатусуымен қашықтан оқыту сабағы өткізілуде. Орындау барысында оқушымен музыкалық мәтін ноталарын таза игеру бағытында жұмыс жүргізілуде.

Алматы қаласы Оқушылар сарайы спорт бөлімі қашықтықтан оқыту. Бокс пәнінің мұғалімі Мухамбеткалиев Нурлан Зейнуллаевич Мухай Ханмухаймен қашықтықтан сабақ жүргізді. Сабақ тақырыбы: Боксшының жалпы физикалық дайындығы: бокс снарядтарында жұмыс жасау.

Алматы қаласы Оқушылар сарайының джаз музыкалық бөлімінде қашықтықтан оқыту. Фортепиано сабағы, джаз музыка мектебінің педагогы Куличенко Ирина Михайловна 1-сынып оқушысы Лим Маритамен «М. Spring-Регтайм «нақты метро ырғақпен фразалар мен дыбыстарды шығару, оқушының саусақтарды және соққыларды басқара алу ептілігі бойынша жұмыс”