2025 жылғы 15 мамыр күні Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы» атты қалалық жарыстың финалдық кезеңі сәтті өтті. Іріктеу кезеңдері 23–25 сәуір аралығында барлық аудандарда өткізілді. Финалға аудандық кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен 24 мектеп командасы жолдама алды.
Қатысушылар жеке және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы білімдері мен төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын көрсетіп, барлығы 11 кезеңнен өтті. Жарыс бағдарламасын Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімінің педагогтері әзірлеп, жоғары деңгейде жүзеге асырды.




Жарыс нәтижелері төмендегідей:
• 1-орын — №129 мектеп (Жетісу ауданы)
• 2-орын — №157 мектеп (Наурызбай ауданы)
• 3-орын — №47 мектеп (Медеу ауданы)
Арнайы номинациялар:
• Үздік киім үлгісі (форма) — №138 мектеп-гимназиясы
• Үздік стендтік газет — №209 мектеп-гимназиясы
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен қатар барлық қатысушыларға жоғары жауапкершілік пен командалық рух танытқандары үшін алғыс білдіреміз.
