Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауын Алматы қаласы Білім басқармасы “Оқушылар сарайы” ұйымы еліміздің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат ретінде қабылдады. Жолдауда білім беру және кадрлар даярлау мәселелеріне айрықша назар аударылған — бұл біздің ұйымға дәстүрлі түрде басымдық беретін салалар болып табылады.


2025 жылды Жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялау – экономиканың білікті мамандарға деген сұранысына дер кезінде берілген жауап. Бұл қадам жұмысшы және инженерлік мамандықтардың беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтереді. Біз бұл бастаманы заманауи еңбек нарығына сай жаңа буын мамандарын даярлауға ықпал етеді деп санаймыз.
«Жайлы мектеп» (Комфортная школа) ұлттық жобасы да ерекше маңызды. Жаңа білім ордаларын салу және қолданыстағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізу — оқушыларға қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға, педагогтардың кәсіби әлеуетін ашуға және білім сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар. Біз Мемлекет басшысының мұғалім мәртебесіне көңіл бөлуін жоғары бағалаймыз. Мұғалімдер – елдің зияткерлік шебі болып табылады. Олардың кәсіби деңгейі мен әлеуметтік жағдайының артуы Қазақстанның болашағы үшін шешуші маңызға ие.


Біз Президенттің «білім беру, кадрлар даярлау – тұрақты дамудың және елдің бәсекеге қабілеттілігінің іргетасы» деген ұстанымын толық қолдаймыз. Ұйымымыз осы мақсаттарды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын.