
Құрметті достар! 21–24 қыркүйек аралығында біздің Оқушылар сарайы еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегацияларды қарсы алады. Олар – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып отырған «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының қатысушылары.23 қыркүйекте 120 жас суретші қазылар алқасына өз шығармашылық туындыларын үш номинация бойынша ұсынады: «Қазақстанның бояулары: Менің үйім – Қазақстан Республикасы», «Тірі планета», «Әлем және ізгілік біздің қолымызда».Ал 24 қыркүйекте Оқушылар сарайының Үлкен концерт залында біз Байқаудың жеңімпаздары мен диплом иегерлерін бірге анықтаймыз!Әрбір қатысушыға шабытыңыз шалқар, сәттілік серік болсын!
