





2025 жылғы 1 желтоқсанда Алматы қаласының Оқушылар сарайы «Сириус» білім беру орталығының өкілдерін ресми сапармен қабылдады.
Кездесу аясында қонақтар мекеменің тарихымен, негізгі қызмет бағыттарымен және күнделікті білім беру үрдісімен танысты. Делегация негізгі ғылыми және оқу кеңістіктерін, соның ішінде Обсерваторияны, сондай-ақ экспозициялық және мәдени залдарды: Көрме залы, Салтанатты зал және жаңғыртылған Үлкен концерт залын аралады.
Оқушылардың жобалық қызметін таныстыруға ерекше назар аударылды. Жас өнертапқыштар өздерінің ғылыми жобаларын ұсынып, дайындық деңгейінің жоғары екенін және нақты міндеттерді шешуге бағытталғанын көрсетті.
Оқушылар сарайы «Сириус» білім беру орталығының өкілдеріне сапары және білім беру бастамаларымызға көрсеткен қызығушылығы үшін алғыс білдіреді.
