5 желтоқсан күні Оқушылар сарайында «Жаңа мүмкіндіктер 2025» атты байқау өтті. Байқауға 8 бен 17 жас аралығындағы жас инженерлер, бағдарламашылар, мультипликаторлар және медиа-жобалардың авторлары қатысты.

Іс-шара келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
• «Үй мен қалаға арналған роботтар мен құрылғылар»
• «Геоақпараттық жүйелер»
• «Менің сүйікті Қазақстаным»
• «Кибернетикалық жүйелер»
• «Жас мультипликатор»

Балалар интеллектуалды құрылғылар, инновациялық жобалар және шығармашылық жұмыстарын таныстырып, болашақ олардың қолымен – батыл, жарқын және жаңашыл түрде жасалатынын дәлелдеді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға таланттары, еңбектері мен тың идеялары үшін алғысымызды білдіреміз!