АҚИЫҚ АҚЫНҒА АРНАЛДЫ

Алматы қаласы Оқушылар сарайында поэзияның мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған байқау өтті. Байқау барысында қатысушылар ақынның өлеңдерін оқып, жырына арқау болған әндерді орындады. Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақынның атын мәңгіге жаңғырту, оның шығармашылығын жас ұрпақ жадында қалдыру мақсатында өткізілген байқаудың мәні де, маңызы да ерекше болды. Қатысушылар ақын шығармашылығын терең танып, өлең құдіретін сезінді. Байқаудың көркемсөз аталымы бойынша Марғұлан Інжу, Еркінова Ақмарал, Құрманғазы Құралай үздік өнер көрсетіп, жүлделі орынды иеленді. Ал, ақын өлеңіне жазылған әнлерді орындауда ерекше шеберлікпен көзге түскен таланттар Бостан Нұрболат, Майдан Аймауыт, Беркінбай Айзере, Мадиқызы Мадина, Анарбек Нұрай Эстрадалық вокал аталымы бойынша жүлделі орындарға ие болды.