«Қалалық қыз сыны» байқауы өткізіледі.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА

«Қалалық қыз сыны»  байқауы өткізіледі.


Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу, әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Қабылдау шарттары:

  1. Қатысушы жайлы нақты ақпарат (түйіндеме);
  2. Байқауға 12-15 жас аралығындағы қыздар қатыса алады;
  3. Қазақ тілін еркін меңгерген, тілге шебер болуы.

     Байқау жеңімпаздары  сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

     Байқауға қатысушы үміткер Алматы қалалық Оқушылар сарайына                 2019 жылдың 05 сәуірге дейін хабарласып, жазбаша өтінім беруі керек.

Қазылар алқасы Қазақстан Республикасының танымал мәдениет қайраткерлері, сахна шеберлері, ұстаздар, режиссер, актерлер, журналистер.

Байқау 2019 жылдың 17 сәуірінде Оқушылар Сарайының Үлкен концерт залында отеді.