Қалалық қыз сыны «Көктем аруы – 2018»  байқауының ЕСЕБІ

 

 2018 жылдың 17 наурызында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қалалық қыз сыны «Көктем аруы – 2018»  байқауы жоғары деңгейде өтті.

Байқаудың мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Міндеттері әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Байқау бес кезеңнен тұрды. Бірінші кезең: «Мен қазақтың қызымын» таныстыру(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)

Екінші кезең: «Қыз еркем – кестесімен көркем»(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді). Үшінші кезең: «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді». (Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу). Төртінші кезең: «Өнер» (Ән айту, би билеу, күй тарту) Бесінші кезең: «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)..

Төрелік еткен әділқазылар алқасы: Садыбеков Нұржан Әзретұлы – театр  және кино актері, Алмашева Айгул Болатовна  – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Сарманова Гулпаршын Сатуллаевна – «Гүлдер» ансамблінің бишісі……………………………………………………………………….

Қатысушы қыздар өз өнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейде дайындалған екендіктерін көрсетті. Байқауға 9 қыз қатысты. Үшінші орын «Өнерлі ару» атағын Алатау ауданы аруы Камелбекқызы Гулбаршын, екінші орын «Көрікті ару» атағын Алмалы ауданы аруы Нұржанқызы Әсемай алса, бас жүлдені Наурызбай ауданы аруы Сәрсебекова Фирдаус Ақылбекқызы  қанжығалады.

IMG-20180317-WA0004
IMG-20180317-WA0005
IMG-20180317-WA0009
IMG-20180317-WA0010
IMG-20180317-WA0011
IMG-20180317-WA0012
IMG-20180317-WA0004
IMG-20180317-WA0005
IMG-20180317-WA0009
IMG-20180317-WA0010
IMG-20180317-WA0011
IMG-20180317-WA0012
previous arrow
next arrow