АЛТЫН ҚҰС

Алматы қаласы Оқушылар сарайы “Ақ киіз” балалар бірлестінің білім алушылары Тәуелсіздік мерекесіне үлкен тарту жасады. Кішкентай шеберқолдар Бейсен Адия, Клюшнева Елизавета, Клюшнев Тимофей, Сулеймен Амира, Кансу Линда, Кансу Селин киізден “Алтын құс” паносын жасады. Айшықты бояумен бейнеленген алып құс бейнесі еліміздің еркіндігінің белгісі. Балалар өз қолдарынан шыққан туындыны “Тәуелсіздік мерекесіне тартуымыз” дейді. Осынау көркем туындының дүниеге келуіне бірлестік
жетекшілері Қасымжанова Бақытжан Турдахуновна мен Дауленова Ұлболсын Бактыгалиевнаның сіңірген еңбегі зор.