«Арман» би ансамблі

Хореографиялық өнер балаларға әдемі қимылдарды үйретеді, олардың даралығын сақтайды, бұлшықет күшін, төзімділігін, ептілігін дамытады. Оқушылар жалпы эстетикалық және би мәдениетін үйренеді, ал кәсіби хореографиялық өнер би және музыкалық қабілеттердің дамуына ықпал етеді. Осы үйірменің арқасында балалар халық аспаптарымен, әуендердің музыкалық-ритмика түрімен, халық поэзиясының бейнелерімен, олардың әдемі киімдерімен, ұлттық билердің өзіндік ерекшелігіне байланысты халықтардың өмірлік әдет-ғұрыптарымен, классикалық балетпен, сондай-ақ қазіргі заманғы хореография бағыттарымен танысады.

Сарманова Гульпаршин Саттулаевна

Білімі: Дж. Шамуратова атындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық институты,

Санат: жоғары

Еңбек өтілі: 33 жыл

Білім алушылардың жасы: 6-16 жас