Author: Арман

КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Тарихы мен тәрбиелік мәні тереңде жатқан Көрісу күнімен баршаңызды құттықтаймыз!

Бұл мерекеде қыстан аман шыққан ел бір-бірін көктемнің сәтті келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, үлкендерге құрмет көрсетеді.

Оның басты талабы – үлкенге ізет, кішіге қамқорлық, әлсізге қолдау, кедейге көмектесу. Бұл күні жасы кішілер үлкендермен амандасып, қол алысып, құшақтасады.

Оқушылар сарайы қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлей отырып, барша қауымды осы тамаша күнмен шын жүректен құттықтайды!

ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР МЕРЕКЕСІ

Оқушылар сарайының «Арай» жоғары сынып оқушылар клубы 8-наурыз мерекесіне орай дәстүрлі «Ұлдар мен қыздар» атты концерт өткізді.

Бұл мерекенің мақсаты – клуб мүшелерінің бір-біріне деген жанашырлықтары мен алғысын ән мен би арқылы жеткізу.

Арулар мерекесіне арнайы ұйымдастырылған қызықты концертте аталмыш клубтың ұл-қыздары өз номерлерін ұсынып, барша көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мерекені ұйымдастырған клуб жетекшісі Оксана Витальевна мен оның өнерлі тәрбиеленушілеріне алғысымызды білдіреміз!

Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!

2024 жылдың 8-наурызында Оқушылары сарайы Медеу ауданы әкімшілігімен бірлесе «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне»  орай мерекелік концерт өткізді.

Іс-шара «OPEN AIR» форматында ұйымдастырылып және түрлі белсенді аймақтарды қамтыды.  Мерекеге арнайы сауда қатарлары мен ойын және фотоаймақтар қойылды.

Мерекелік концертке 1000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, көктемнің алғашқы әрі ең нәзік мерекесі Халықаралық әйелдер күніне арналған көңілді атмосфераны тамашалады!

 Барша нәзік жандыларды келіп жеткен мерекелерімен құттықтап, отбасыларына амандық тілейміз! Мереке құтты болсын!

Көктемнің ең тамаша мейрамы – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, шаттық, болашаққа зор сенім мен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Көктем мерекесі баршаңызға аманшылық, махаббат пен бақыт сыйлап, шығармашылық шабыт пен игі істердің бастамасы болсын!

Оқушылар Сарайының жас өнерпаздары барша аналар қауымын көктемнің ең жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Әр баланың өміріндегі ең маңызды адам – Сіздер. Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын! Әлем сіздермен әдемі!

«Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалі аясында түсірілген бейнероликтің түсіріліміне атсалысқаны үшін балалар мен олардың ата-аналарына, @dvorec_almaty ұжымына ерекше алғысымызды білдіреміз!

ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ ЖЕҢІСІ

Оқушылар сарайының «Балдәурен» балалар бірлестігінің өнерпаздары «ALATAU» Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында өткен республикалық «Ақжелең» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Тартысты байқауда өнерпаздарымыз лагерьге демалысқа жолдама және Туркияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама ұтып алды. Ал, жетекшісі Қажығали Төрехан «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

Қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

«ENGLISH POEMS» МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ

Оқушылар сарайында «Happy English» және «Cheerful English» үйірмелерінің білім алушылары арасында ағылшын тілінен «English poems» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Байқауға қатысушылар ағылшын тілінде әртүрлі тақырыптағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Ал, оқушыларды аталмыш байқауға олардың педагогтері Т.В. Римашевская, Н. Жақып, Ж. Қожакулова дайындаған болатын.

Сондай-ақ, арнайы шақырылған қонақ – шотландиялық Джон Смит, оқытушылардың ағылшын тілінде оқыған өлеңдерін сүйіспеншілікпен тыңдады.

Байқаудың соңында Қарлығаш Ортайқызы фортепианода «Yesterday» шығармасын орындап, кеш қонақтарын қуантты. Ал, барша қатысушалар Алғыс хатпен марапатталды!

1-наурыз Алғыс айту күні құтты болсын!

Құрметті достар, баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен қатар келген шуақты мереке – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Алғыс айту күні – жанашырлықтың, құрмет пен достықтың, халқымыздың бірлігінің символы. Оқушылар сарайының білім алушылары баршаңызды мерекемен құттықтай отыра, жақындарына деген жүрекжарды тілектерін білдірді.Ал, сен ше, жас дос, өзіңе жақын жандарға Алғыс білдірдің бе?!..

ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ!

Оқушылар сарайының Спорт бөлімінде «Алғыс айту» күніне орай, «AMANAT» партиясының Медеу аудандық филиалымен бірлесе «Шынықсаң шымыр боларсың!» атты спорттық эстафета өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды спортпен шұғылдануға баулу мақсатында ұйымдастырылған эстафетаға Оқушылар сарайының «Волейбол» балалар бірлестігінің білім алушыларынан құралған 4 команда қатысты. Аталмыш эстафета түрлі кедергілерден өту, жүгіру сияқты кезеңдерден тұрды.

Ал, оқушыларды әділ бағалаған жюри қатарында «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалының төрағысы Азат Алимханович, «Еркін күрес» балалар бірлестігінің педагогы Медгат Турлыбекович, «Каратэ- до» балалар бірлестігінің педагогы Даулеткалиев Жасұлан болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алғыс хатпен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Оқушылар Сарайының жас өнерпаздары барша аналар қауымын көктемнің ең жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Әр баланың өміріндегі ең маңызды адам – Сіздер. Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын! Әлем сіздермен әдемі!

«Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалі аясында түсірілген бейнероликтің түсіріліміне атсалысқаны үшін балалар мен олардың ата-аналарына, @dvorec_almaty ұжымына ерекше алғысымызды білдіреміз!

Видеороликтің толық нұсқасы:

https://www.instagram.com/reel/C34VHzWiimr/?igsh=MXg4MjBrdmY3Zzl0dA%3D%3D