Author: Арман

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА!

2024 жылдың қаңтар айының 27 жұлдызында “Оқушылар сарайы” РМҚК, Балалар музыка мектебінде “Терме” сыныбының оқытушысы Искаков Ж.М. класстық концерті өтті.

Аталмыш класстық концерт аясында оқушылар арасынан “Жыл үздігі” анықталды. Тарқата айтсақ, үздік оқығаны және қоғамдық шараларға белсене қатысқаны үшін Сейділда Альбауыр үздік деп танылып арнайы жасалған домбырамен және дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, осындай мәтінмен Ақанғали Ералы мен Иманали Ақназарға диплом мен сыйлық табысталды.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сыйлап жүрген жас дарындыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖАС СПОРТШЫЛАР!

2024 жылдың 20-қантар күні Оқушылар Сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен спорттық туризмнің элементтері бойынша жарыстар өтті.

Спорт сүйер барша жеткіншектер шараға қызығы да қуана қатысып, белсене ат салысты. Аталмыш шараға қатысушы жас спортшыларымыз 5-11 сынып оқушылары.

Тартысты өткен жарыста “Жас туристер”, “Жаяу туризм”, “Тау туризм” үйірмесінің оқушылары мен Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымының, облыстық №2, №3 арнайы мектеп-интернатынан ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысты.

Шараға соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпаттар табысталды.

«АРАЙ» КЛУБЫНА 37 ЖЫЛ

2024 жылдың 20-қаңтар күні «Арай» жоғары сынып оқушыларының клубы өзінің 37 жылдық мерейтойын атап өтті.
Ауқымды деңгейде аталып өткен мерекелік кешке клуб мүшелерінің ата-аналары, аталмыш клубты үздік түлеп шыққан түлектері мен олардың көңілді достары қонақ болды.
Біздің дарынды жоғарғы сынып оқушылар клубы «Армандар қайда жетелейді» спектаклін дайындап, арманның күші туралы ойларымен бөлісті.
Осы таңғажайып күнді «Арай» жоғары сынып оқушыларының клубымен бірге бөліскендердің барлығына алғыс айтамыз! Жасай бер, Арай!

ALMATY CUP I ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

2024 жылдың жылдың қаңтар айының 20-21 жұлдыздары аралығында Оқушылар сарайының Эколого-биологиялық бөлімінде алматылық оқушылар арасында ALMATY CUP I турнирі өтті.

Алматы қаласының барлық аудандар мектептерінің атын қорғау үшін жиналған оқушылар өзінің қырағылығы мен өтімді аргументтерінің арқасында сапалы ойын көрсетті.

Аталмыш пікірсайыс турниріне қаланың әр ауданынан келген талантты ақыл-ойлар жиналды. Олар:
Әуезов ауданы
Жетісу ауданы
Алмалы ауданы
Түркісіб ауданы
Наурызбай ауданы аттарынан ойын көрсетті. Олардың әрқайсысы өздерінің пікірсайыс шеберліктерін дәлелдеуге және өз ауданына жеңіс әкелуге үлкен дайындықпен келді.

Тартысты әрі қызықты ойын көрсеткен барша қатысушыларға алғыс айтамыз!

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ

Оқушылар Сарайының Балалар Джаз мектебінің оқытушысыИсагулова Евгения МуратовнаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» атты республикалық байқауына қатысыпI дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Республикалық деңгейдегі бұл байқаудың басты мақсаты: ел егемендігінің өркендеуі мен дамуына үлес қосқан,
Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанған тұлғалар мен азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау болып табылады.

Оқытушымыздың осындай жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз! Жұмысыңызға сәттілік пен табыс тілейміз.

БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСТЕРІ

Алматы қаласы Оқушылар сарайы Балалар музыка мектебінің оқушыларының кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Жылды тек жеңістермен бастаған оқушыларымыздың бұл еңбектері мақтануға тұрарлық. Атап айтсақ, «Балауса» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Құрымбаева Күлзат Жұмажанқызы және солистері –– Түсіпхан Данияр мен Омаров Марғұлан 1 орын, 2 орын – Мұқанов Темірлан, Сұлтан Сезім, 3 орын – Сара Омарова «Ғұмырдария» халықаралық балалар байқауында – Гран-при иеленіп, Қорғас қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.

Ал, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша 1 орынды Заңғар Кенжебек және 2 орынды Бостан Нұрболат – жетекшісі Арысбаева Гүлсым Смайылқызымен бірге иеленді.
VIII халықаралық «Светозарная Казань» байқауында фортепиано номинациясы бойынша 2-дәрежелі лауреатты Ким Аличе, оқытушы Надежда Николаевна Станевич, 2024 жылғы «Алматыдағы қысқы ертегі» Халықаралық фестиваль-конкурсында фортепиано номинациясы бойынша 1-дәрежелі лауреатқа Антонина Кашкарова, жетекшісі Ирина Зырянова Владимировна және 1 орын – Ясмин Турсунова, фортепиано номинациясы бойынша жетекшісі Ольга Юрьевна Пелевинамен бірге ие болды.

«ЖҰЛДЫЗДЫ ТОЛҚЫН»  ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Алматы қаласы Оқушылар сарайының Балалар джаз мектебінің жарқын жұлдыздары Астана қаласынының үлкен сахнасында жарқырап өнер көрсетті.

“Жұлдызды толқын” халықаралық өнер фестиваль-байқауы – талантты ұл мен қыздардың дарының шыңдап, өнер жолына деген алғашқы қадамдарын ашық басуға мүмкіндік береді.

Ауқымды байқауда бас жүлдеге Нұрмұханбетова Амели мен педагог Балашова Ирина Николаевна ие болды. Өнерлі ұстаз бен дарынды да алғыр оқушымызды лайықты жеңістерімін шын жүректен құттықтаймыз!

ЖАС ӘНШІЛЕРІМІЗ САХНАНЫҢ КӨРКІН ҚЫЗДЫРДЫ

2023 жылдың қаңтар айының 13ші жұлдызында Оқушылар Сарайының Балалар музыка мектебінің 17 дарынды оқушылары республикалық «Ғұмырдария» байқауына қатысып, лауреат және бас жүлдегер иегерлері атанды.

«Ғұмырдария» – балалар мен жасөспірімдер ән-би, жыр-күй байқауы. Алматы қаласының Жазушылар үйіне барша дарынды жастарды бір сахнаға жинаған өнер додасы биыл жоғары деңгейде өтті. 

Аталмыш жарыста оқушыларымыз үздіктер атанып, көрермен назарына ие болып, Қытайға тегін жолдама алды.  Біздің жеңімпаздарымыздың есімдерімен таныс болайық:

Бас жүлде:

Қанапия Омар

Майдан Аймауыт 

1- орын лауреаттары:

Пшан Ханшайым

Төлеген Айша

Нұржан Альфия

Беркімбай Айзере

Нұрмолда Ақтоты 

2- орын иегерлері: 

Кешубай Айнамкөз

Кешубай Керімсал

Аблаким Аяулым

Есіркеева Адель 

3- орын иегергерлері: 

Асқарбек Арай 

Ақжігітов Диас

Тұрдалы Сүлеймен

Мейрамбек Нұрғасыр

          Жарайсыңдар! Ән мен биді ұлықтап, өнердің жанашырлары бола беріңдер!

ПІКІРСАЙЫСШЫЛАР НАЗАРЫНА

Құрметті оқушылар! Сіздерді Алматы қаласы 8-11(12) сынып оқушылары арасында Британдық Парламеттік Форматы бойынша өтетін 3 тілді “Almaty CUP I” Алматы қаласы әкімінің кубогы қалалық пікірсайыс турниріне шақырамыз!

Турнир екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы ол аудандық кезең. Аудандық кезеңде аудан ішінен 2 фракция іріктеліп шығады. Қалалық яғни финалдық этапта әр ауданнан 2 фракциядан қалалық этапқа өтетін болады. Қалалық этапта “Almaty CUP I” Алматы қаласы әкімінің кубогы қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазын анықтайтын боламыз.

Аудандық этаптар 20 және 21 қаңтар күндері өтеді

– 20 қаңтар күні:

Әуезов ауданы

Жетісу ауданы

Алмалы ауданы

Түркісіб ауданы

Наурызбай ауданы

– 21 қаңтар күні:

Алатау ауданы

Медеу ауданы

Бостандық ауданы

Өтетін орны: Алматы қаласы, Щепкин 27 мекенжайы бойынша Оқушылар сарайының экологиялық-биологиялық бөлімшесі

Формат: БПФ

Лига: Оқушылар 8-11(12) сыныптар

Турнир бағдарламасы мен қарар жақын арада жарияланады

Дебат додасының дарабоздарын бірге анықтайық!!

Қосымша ақпараттар үшін +7 708 188 3625 Дамир мырза

БІЗ ӨНЕРДІ БАҒАЛАЙМЫЗ!

“Жас суретшілер” және “Қолөнер” балалар бірлестіктері Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына қызықты саяхат жасады.

Оқушылар Сарайының дарындылары үшін мұражай – өнердің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін нағыз қазына. Еліміздің мәдениеті мен дәстүрлеріне тереңінен қарап, тарихи өнер туындыларын зерттедік.

Бұл біздің алдымызда сұлулық пен шығармашылық әлеміне есік ашқан таңғажайып және тәрбиелік саяхат болды!