Author: Арман

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Оқушылар Сарайының «Шабыт» эстрадалық вокалы балалар бірлестігінің  оқушылары мен жетекшісі  Дубай қаласына 100 %  жолдама ұтып алды.

2023 жылдың 19-қарашасында Алматы қаласында «IQ STAR 2023» республикалық көп жанрлық өнер фестивалі-байқауы өткен болатын.  Үздіктер өнер көрсеткен ауқымды байқауда Нұржан Альфия, Рахат Інжумаржан, Майдан Аймауыт  бас жүлде иегерлері атанса, оқушыларымыздың жетекшісі  Сая Махамбетқызы «Ең үздік жетекші» номинациясымен Дубай қаласына 100 %  жеңілдікпен жолдама ұтып алды.

            Оқушыларымыз бен ұстазымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра,  шығармашылық табыс тілейміз!

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНА ҚАЛАЙ ОНЛАЙН ТІРКЕУ ЖАСАЙМЫЗ?

Егер сен ән мен бидің үздігі атанып, шығармашылық дарыныңды дамытып, полиглот атаңғың келсе, біз сені Оқушылар сарайында күтеміз.

Сарайға тіркелу тек 1 минут уақытты алады.

Видео-нұсқаулық https://www.youtube.com/watch?v=fy5vwrw5R-s  арқылы Оқушылар сарайына тіркеліп, шығармашыл оқушылар қатарына қосыл!

Біз сені асыға күтеміз!

БІЗДІҢ ӘР САБАҚ ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ

Алматы қаласы Оқушылар Сарайының Эколого-Биологиялық бөлімінде жас зерттеушілерге «Тропикалық өсімдіктермен танысу» атты сабақ өтті.

Оқушыларымыз бүгінгі сабақ барысында қоршаған ортаны қорғауды, табиғатты аялап, оның әр жаратылысын, оның ішінде өсімдіктерді үнемі баптап, күтіп ұстаудың маңызын түсінді.  Сондай-ақ, бүгінгі қызыққа толы сабақта оқушылар жылыжайға барып, өсімдіктерді тамашалады.

Эколого-биологиялық бөлімде балалар әр сабақ сайын түрлі өсімдік түрлерімен және  олардың систематикаларымен танысады.

Қызықты сабағымыздың өтілу процессін @dvorec_almaty инста парақшамыздан көре аласыздар.

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАРЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Оқушылар сарайының «Балдәурен» домбырашылар үйірмесінің дарындылары республикалық «Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауына қатысып, халықаралық фестивальге жолдама алды.

Көрерменнің ерекше қошеметіне иеленген  Талғат Әмір 1-орын, Талғат Қарақат 2-орын, Абдиев Зұлхар  3-орын иеленіп,  Түркияда өтетін халықаралық конкурсқа 100% тегін жолдама ұтып алды.

Жас домбырашылармызды және ұстазы Қажығали Төрехан Оразұлын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің атын әлемге танытар жұлдыз болыңдар!

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛҒАН ПІКІРСАЙЫСШЫЛАР

Оқушылар сарайының пікірсайысшылары «Ұлы Жібек жолындағы ділмарлар» атты республикалық пікірсайыс турнирінде жүлделі орындарға ие болды.

Естеріңізге салсақ, біздің пікірсайысшылар 10-қараша күні Талдықорған қаласына республикалық турнирге жол тартқан болатын.  Тартысты турнирде ағылшын лигасынан «Алтын Орда» командасы Касен Жания Галимжанқызы мен Ким Алина Руслановна  1ші орын,  қазақ лигасынан «Тәуелсіздік үшін» командасы Окан Асыл Бакытқызы мен Бақытбек Ақбота Қуанышқызы  3ші орынды иеленсе, Лепехина Арина  «Ең үздік спикер» номинациясынан ие болды.

Пікірсайыс шеберлерін жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге стратегиялық сенімділік және шеберліктің тұрақты өсуін тілейміз. Әрбір турнир сіздерге жаңа тәжірибелер мен жарқын жеңістер әкелсін!

БІЗДІҢ ПІКІРСАЙЫСШЫЛАРЫМЫЗ КЕЗЕКТІ ТУРНИРГЕ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Алматы қаласы Оқушылар сарайының пікірсайысшылары Талдықорған қаласында болатын кезекті турнирге жол тартты.

Біздің пікірсайысшыларымыз турнирде жоғары дайындық деңгейін және пікірсайыстағы кәсібилікті көрсететініне сенімдіміз.
Сіздердің әрбір дәлелдеріңіз сенімді және әрбір жауаптарыңыз дәл болсын. Турнирге сәттілік, сіздер нағыз пікірталас шеберлерісіз!

«МЕН ДЕ ЖҰЛДЫЗ БОЛАМЫН»

Оқушылар сарайының «Шабыт» эстрадалық вокалы балалар бірлестігінің және «Балдәурен» домбырашылар үйірмесінің дарындылары республикалық «Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауына қатысып, халықаралық фестивальге жолдама алды.

«Мен де жұлдыз боламын» – балалардың  эстетикалық талғамын арттыру мен өлкеміздің болашақ жас жұлдыздарын жарыққа шығарып, сахна мәдениетін меңгерте отыра, шеберлігін арттыруға мүмкіндік беретін республикалық балалар байқауы.

Жоғары деңгейде өтетін байқау бұл жолы Алматы қаласының Grand Park сауда орталығында өтті.  Сарайымыздың дарынды балалары әуезді әндерін шырқап, сахнаның сәнін келтірді.  Олар нағыз жұлдызды бәсекеде бақ сынап, көрерменнің ыстық қошеметіне иеленді.

Сайыстың жеңімпаздарын анықтайтын тебіреніске толы сәтінде біздің сарайымыздың «Шабыт» эстрадалық вокалы балалар бірлестігінің оқушылары Тұрдалы Дастан мен Мәди Нұрболатұлы Гран-при иегері атанып,  Түркияда өтетін халықаралық конкурсқа 100% ТЕГІН ЖОЛДАМА алды. Сонымен қатар, барша қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға иеленіп, алғыс хаттармен мараппатталды.

Біздің жас әртістеріміз армандарының орындалатынын және әрқайсымыздың ішімізде жарқырап тұрған жұлдызымыздың бар екен дәлелдеді. Grand Park сауда орталығының сахнасындағы осы сәт олардың жарқын жұлдызды сапарының басы ғана болсын! Жүлделі орындарын құтты болсын, жұлдыздар!

«2023 ЖЫЛ ҚҰСЫ – КӨК ҚҰС» ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

31-қазан күні Оқушылар сарайының Экология және биология бөлімінің мәжіліс залында «2023 жыл құсы – КӨК ҚҰС» қалалық сурет байқауының және ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында өткен  «Табиғат сыйы» табиғи материалдардан жасалған қолөнер қалалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздар арнайы  дипломдармен марапатталып, ұстаздары қалалық Білім Берудегі Жаңа Технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, шараға қатысушы барша қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Табиғатпен үндесіп, құстар әлемін қорғауды үйренген жас достарымыз бұл шарадан үлкен әсер алды.

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің оқушылары табиғат аясында денсаулық фестивалін өткізді.

Фестивальде спортшыларымыз 500 м қашықтыққа  жүгіру марафонына қатысты. Кәсіби спортшылардан кем түспейтін жас спортшы достарымыз мәреге тез-ақ жетті.

Әртүрлі орындарға ие болған оқушыларымызға  алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтар табысталды.

ЭКОЛОГИЯ-БИОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІНДЕ КҮЗГІ БАЛ ӨТТІ

2023жыл 2-қараша күні  Оқушылар сарайының Экология-биологиялық бөлімі жас табиғат сүюшілер арасында Күзгі бал өткізді.

Күз ғажайыптарының әсемдігін сахнада көрсетіп, көрермен қошеметтеріне ие болған оқушыларымыз мерекелік іс-шараға белсене ат салысты. Әншілеріміз жанды дауысты ән шырқап, бишілеріміз мың бұрала билеп сахнаның көркін қыздырды.

Шара соңында балалар түрлі ойындар мен жарыстарға қатысып, көрермендерден дауыс жинау арқылы Күз ханшайымы мен Күз ханзадасын таңдады.