Білімі: жоғары «Спорт Туризм Академиясы»

Жұмыс  тәжірибесі: 3 жыл

Балалар  ұйымының атауы: «Жартастарға өрмелеу»

Қатысушылар  жасы: 12-16 жас

Жартастарға өрмелеу

Мақсаты: Жартастарға өрмелеу дағдыларын арттыру, сауықтыру еңбектерін өз еркімен ұйымдастыру,алынған дағдыларын өмірде кездесетін  қиын жағдайларда қолдана білу.

Мақсатты және жүйелі  түрде белсенді өрмелеу қызметімен айналыса отырып,салауатты өмір салтын қалыптастыру,онда балалар жақсы жетіліп , психологиялық және физикалық  шынығып,өз еркімен өмірге дайындалады.

Жартастарға  өрмелеу –оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, топпен жұмыс жасауға,еңбек сүййгіштікке және қолайсыз  сыртқы жағдайларда кездесетін  қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.Салауатты өмір салтын ұстану-жастардың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Жартасқа өрмелеу – барлық бұлшық еттер қозғалатын керемет гимнастика. Мықты денсаулық пен кермет физикалық дене бітімнен басқа, баланың ерік-жігері, шыдамдылығы арта түседі. Спортшының көру жады, қозғалысы, логикалық және тактикалық ойлау қабілеті жақсы дамиды.

Бақай Дархан Садықұлы