1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласының Оқушылар сарайы «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» қалалық фестиваліне белсене қатысты. 5000-нан астам жас алматылық бұл күнді шабыт пен шығармашылыққа толы ерекше атмосферада өткізді.

Біздің «Little Engineer» аймағымыз ертегіге толы зертханаға айналды: балалар қағаз зымырандарын ұшырып, наноспутник құрастырумен айналысып, планеталар мен кристалдар әлемін зерттеді. Жанындағы сахнада — ән, би және кішкентай өнерпаздардың өнерін тамашалауға болады.

Фестиваль JARYQ атты бес тақырыптық станция форматында өтті: Jastar (технологиялар мен инновациялар), Arman (арман мен сиқыр), Rukh (мәдениет пен тарих), Yntalyq (шығармашылық пен өнер), Qabilet (кәсіптік бағдарлау және мамандықтармен танысу). Qabilet станциясы, кәсіптік бағдарлау мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, ерекше әсер қалдырды. Мұнда балалар әртүрлі мамандықтар туралы біліп қана қоймай, практикалық тапсырмаларға белсене қатысып, нақты еңбек дағдыларын меңгерді.

Фестивальге Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жаңа буынды — саналы, талантты және жауапты етіп қалыптастыратын бастамаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Барша қатысушылар мен ұйымдастырушыларға балалар үшін ұмытылмас мереке ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз және келесі кездесулерді асыға күтеміз!