БАЛДӘУРЕН БАЙҚАУЫ

Оқушылар сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өткен «Балдәурен» қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауының қорытындысы келесі номинациялар бойынша жарияланды: «Аспапта ойнау», «Дәстүрлі ән», «Эстрадалық ән». Алматы қаласы мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарынан 72 талантты жас дарындарымыз қатысып, өз өнерлерін көрсеткен байқаудың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Жас өрендерімізге алар асуларың, бағындырар биіктерің көп болсын деп тілейміз.