«Балдаурен»

“Балдәурен” балалар бірлестігінің жетекшісі – республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Төрехан Қажығали. Үйірмеде 60 домбырашы бар. Төрехан өз оқушыларына домбырада ойнау шеберлігінің қыр-сырын, осы аспапта туған дала әуендерін орындауды үйретеді. 2022 жылы “Балдәурен” үйірмесінің білім алушылары “ұлттық аспаптар” номинациясында бірінші орынды иеленді. 2018 жылы құрылған ансамбльдің репертуарында Малғажардың “Талас”, Әбдімомын Желдібаевтың “Ерке сылқым” күйлері, 20-ға жуық халық күйлері, сондай-ақ қазақстандық композиторлардың түрлі туындылары бар.

Кажигали Торехан Уразович

Білімі: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Еңбек өтілі: 7 жыл

Білім алушылардың жасы: 7-18 жас