26 қыркүйек күні Оқушылар сарайында Тверь қаласынан келген балалар делегациясы қонақта болды. Сапар мақсаты – «Киелі ұрпақтың терең тамыры – Ұрпақтар байланысы» атты бірлескен жобаны жүзеге асыру. Бұл жоба тарихи жадыны сақтау мен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Іс-шара аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа сквер ашылып, ағаштар отырғызылды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен достықтың белгісі. Қонақтар Оқушылар сарайының тарихымен танысып, планетарийге барды. Сондай-ақ, олар киіз өнері бойынша өткен шеберлік сабағына қатысып, дәстүрлі қолөнердің қыр-сырымен танысты.
Осындай кездесулер балалар арасында өзара түсіністік пен мәдени байланыстарды нығайтып, достықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

