Ерболатұлы Ернұр

Білімі: Жетісу Мемлекеттік Университеті.

Жұмыс тәжірибесі: 1 жыл.

Үйірме атауы: Тау туризм үйірмесі.

Қатысушылар жасы: 11-17 жас.

 «Тау туристер» үйірмесі

«Тау туристер» үйірмесі – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтына баулу және балалар мен жасөспірімдер арасында туризмді насихаттау мақсатында жұмыс жасайды. Өз кезегінде «Тау туристер» үйірмесі оқушыларға белсенді туризм түрлерінің техникасы және тактикасы, спорттық туризм, топографиялық бағдарлау, таулы аймақтағы және жалпы табиғи ортадағы техникалық қауіпсіздік ережесі, зардап шеккен адамға көмек, құтқару жұмыстары әдіс тәсілдерін үйретумен, сонымен қатар  туған өлкенің тарихи-көрікті жерлерімен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз ете алады. Туған өлкенің тарихи-туристік орындарын танып білу адам бойында отанды сүюге, рухани – адамгершілік қасиетті көтеруге, қоршаған табиғатты қорғауға, табиғаттағы демалысқа  деген қызығушылықтарын  арттырады.