Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін – 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күнді біздің еліміздің кішкентай тұрғындары айрықша күтеді. Балалар- мемлекетіміздің басты құндылығы болғандықтан, олардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің Алматыға келген сапарында Оқушылар сарайына арнайы келіп, аралап көрген еді. Сол жолы Оқушылар сарайының балаларына заманауи автобусты сыйға тартып, қуанышқа кенелтті. Қазір ел Президенті сыйға тартқан көлікпен оқушылар қаладағы барлық іс- шараға еркін қатынап жүр. Ең бастысы, автобустың ішінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Бала өмірін сақтауға арналған тетіктер көлік қозғалған сәтте автоматты түрде іске қосылады. Бейбіт елдің өрендері бақыт бесігінде тербелсін!