Халқымыз Наурыз мерекесін бір ай тойлаған екен. Наурыз айының ескіше бірінші күні қазіргі 14 наурызға сәйкес келеді. Осы күні Наурыздың ақша қары жауады екен. Бұрынғылар ертемен тұрып, елең- алаңда жасы үлкен кісілерге сәлем беріп, төс қағыстырып қуана қауышады екен. Көрші- қолаң бір — біріне ақ тілегін арнап, жол болсын, жасыңа жас қос,ғұмырың ұзақ болсын!, деген ізгі тілектерін арнаған. Міне, халқымыздың осындай ізгі әдет- ғұрпы, озық дәстүрі бүгін де жалғасын тауып жатыр. Мұның өзі өркендеп келе жатқан еліміздің ертеңінің жарқын екенін білдірсе керек». Көрісу күні құтты болсын, ағайын!

Ізгі ниетпен: Айгүл Болатбекқызы.

Көрісу- сағыныш пен татулықтың амалы.