Көрісу- сағыныш пен татулықтың амалы.

Халқымыз Наурыз мерекесін бір ай тойлаған екен. Наурыз айының ескіше бірінші күні қазіргі 14 наурызға сәйкес келеді. Осы күні Наурыздың ақша қары жауады екен. Бұрынғылар ертемен тұрып, елең- алаңда жасы үлкен кісілерге сәлем беріп, төс қағыстырып қуана қауышады екен. Көрші- қолаң бір – біріне ақ тілегін арнап, жол болсын, жасыңа жас қос,ғұмырың ұзақ болсын!, деген ізгі тілектерін арнаған. Міне, халқымыздың осындай ізгі әдет- ғұрпы, озық дәстүрі бүгін де жалғасын тауып жатыр. Мұның өзі өркендеп келе жатқан еліміздің ертеңінің жарқын екенін білдірсе керек”. Көрісу күні құтты болсын, ағайын!

Ізгі ниетпен: Айгүл Болатбекқызы.