3D прототипі және робототехника

Оқушылар сарайының ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінде білім алушылар «3D прототипі және робототехника» бағытындағы сабақ барысында педагог Раис Владимирмен бірлесе отырып, электр негіздерін үйренді. Сондай-ақ, аналогты және сандық датчиктермен, жарықдиодты матрицалармен және дисплейлермен жұмыс істеді. Әрбір теориялық сабақ практикамен бекітілуде.