Лагерь

«Өрнек» лагері – бұл сіздің балаларыңыз үшін қызықты тақырыптық және тілдік бағдарламалары бар ұмытылмас демалыс.

Бізде:
Лагерь базасында футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, беседкалар, акт залы, кітапхана, жаттығу залдары, алтыбақан, асхана, медициналық пункт, табиғат пен таза ауа бар.

Демалушыларға арналған үй тағамдары – біздің аспаздар алтын қолдарымен жасалған табиғи ингредиенттерден дәмді және пайдалы тағамға, 5 рет тамақтануға кепілдік береді.

Балалармен білікті педагогтар, дәрігерлер, педагогикалық ЖОО студенттері жұмыс істейтін болады

Балалар өздерінің бос уақыттарын тәлімгерлермен бірге ұйымдастырады, тіл үйренеді. флешмобтар мен іс-шаралар өткізеді.

Балалар ыңғайлы және жайлы бөлмелерде 4-6-8 адамнан тұрады.

Аумақ қоршалған және қорғалған, балаларға қауіпсіздік тәулік бойы қамтамасыз етілген.

Біздің мекен – жайымыз: Қарасай ауданы, Долан ауылы, “Өрнек” лагері.