Қалаға бөртегүл сыйлаймыз!

«Жасыл Алматы» акциясы аясында 2019 жылдың 1 қараша күні Тұңғыш Президент саябағында Оқушылар сарайы экология-биология бөлімінің ұйымдастыруымен қазақстандық  селекционерлер Марьям Сагитова мен Тадеуш Дзевицкийдің сұрыптап шығарған ерекше бөртегүлдердің  экология-биология бөлімінде өсірілген көшеттерін отырғызуға арналған «Қалаға бөртегүл сыйлаймыз!» атты іс – шара өтті.
Осы іс шараның нәтижесінде саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі сиренгарийде бөртегүлдердің әр түрлі сұрыптарының ​ 200-ге жуық көшеттері өз орнын тапты.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық сана мен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, табиғатқа қамқорлықпен қарауды дамыту, Қазақстан селекциясының бөртегүлдерін сақтау және кеңінен насихаттау. Бөртегүлді ​ отырғызуда Алматы жасыл экономика басқармасы, Бостандық ауданының әкімдігі, GreenJenis ҮЕҰ ұйымдастыруда атсалысты. Көшеттерге арналған тыңайтқышты «ЭкоФермер» шаруа қожалығы ұсынды (директоры Тен Д.С.).«Қалаға бөртегүл сыйлаймыз!» акциясына балалар мен олардың ата-аналары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.