Алматы қаласының Оқушылар сарайы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырды. 227 оқытушы және 6500 білім алушылар қашықтықтан оқыту форматына көшті. Қашықтан оқыту форматын енгізу аясында Оқушылар сарайында мұғалімдер қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқыту әдістерін қайта құру курстарынан өтуде. Карантин кезеңінде қашықтықтан оқыту форматын енгізу және мұғалімдер мен оқушылармен бірге 24/7 тәулік бойы жұмыс істейтін білім беру процесін үйлестіру бойынша жобаны жүзеге асыратын үйлестіруші-кеңесшілер тобы құрылды. Қашықтан оқыту форматын енгізу жобасы Zoom технологиясына негізделіп жасалды. Бұл платформа осыған ұқсас платформалардың ішіндегі ең ыңғайлы және үйренуге жеңіл платформа болып табылады. ZOOM қызметінің артықшылықтары: пайдалану ыңғайлылығы, қосымша жабдықты қажет етпейді, әлемдегі ең үздік оқу орындары пайдалануда. Zoom технологиясын оқыту үшін мұғалімдер мен оқушыларға видео-оқулықтар, нұсқаулықтар және басқа да құралдар жасалуда. Сонымен қатар, бағдарламада материалды бекіту үшін мұғалімдермен онлайн-кездесулер өткізілуде. 227 оқытушы білім беру әдістерін қашықтықтан оқыту форматына көшіру үшін онлайн курстардан өтуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Абайдың 175 жылдығы аясында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен аспаптық орындаудан қашықтықтағы халықаралық байқаудың кезекті қатысушысы, №9 балалар музыка мектебінің оқушысы Кристина Лобыкина орындауындағы «Айттым сәлем, Қаламқас» шығармасын тамашалаңыздар. Аталған байқау «Менің сүйікті шығармам» атты музыкалық сайыстың аясында өтті. Педагог Юлия Руднева #ОқушыларСарайыАлматы #ДворецШкольниковАлматы #Abai175

Публикация от ДВОРЕЦ ШКОЛЬНИКОВ |АЛМАТЫ (@dvorec_almaty)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Биыл Қазақстан Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығын тойлайды, сонымен қатар Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні деп бекітіліді. Бұл – соңғы кезде елімізде орын алған жағдайлардан кейін маңызды әрі жағымды жаңалықтардың бірі. Ал Оқушылар сарайы Абайдың 175 жылдығы аясында аспаптық орындаудан қашықтықтағы кезекті халықаралық байқау өткізді. «Менің сүйікті шығармам» атты музыкалық сайыстың қатысушысы, Алматы қаласы Куляш Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Дияс Даниярұлының орындауындағы құлақтан кіріп бойды алатын «Айттым сәлем, Қаламқас» шығармасын тамашалаңыздар. #ОқушыларСарайыАлматы #ДворецШкольниковАлматы #Abai175

Публикация от ДВОРЕЦ ШКОЛЬНИКОВ |АЛМАТЫ (@dvorec_almaty)

Ф

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫН ЕНГІЗДІ.