АЛМАТЫ- АРМАН ҚАЛА, КӨК ЖАСЫЛ ОРМАН ҚАЛА.

Жыл сайын Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қала күні мерекесін атап өтеді. Бұл күні туған қала туралы әндер айтылып, жауһар жырлар оқылады. Алатау етегіндегі көркем қаланың сұлулығы мен өзіне тән табиғатына тәнті болған жұртшылық осынау ертегі қаланың тұрғыны екенін мақтан тұтады. Алматы- жер бетіндегі ең сұлу қалалардың бірі. Біз көркем қаланы осынау туған күнімен құттықтап, тарихын тереңдей берсін дейміз! Құрметті Алматы тұрғындары! Мереке құтты болсын!