Алтын қазына

Алматы қаласы Оқушылар сарайы “Алтын қазына” көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық көрме-байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.