Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен

Құрметті Қазақстан халқы! Алматы қаласы Оқушылар сарайының балалар бірлестіктерінің педагогтары мен білім алушылары сіздерді еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге бейбітшілік пен келісім, мықты денсаулық, бақыт, қуаныш, отбасыларыңызға сәттілік, еліміз Тәуелсіз Қазақстанның гүлдену жолында үлкен жетістіктер тілейміз!

Алматы қаласы Оқушылар сарайы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатысушылары айтулы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Жастар өз сөздерінде мақтаныш сезімін, өз еліне деген сенімділікті, бақытты балалық шақ пен жастық шақ үшін алғыс сөздері мен Қазақстан Республикасының одан әрі дамуы мен өркендеуіне тілектерін білдіруде!