Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін,
«Ер есімі – ел есінде!» атты қалалық көркемсөз
жанры бойынша онлайн-сайыс.

✅Байқауды өткізудің тәртібі және шарттары.
✔Байқау тек қашықтық форматында ғана өткізіледі.
✔Кезеңнің өткізілу мерзімі: 2020 жылдың 28 сәуірінен 12 мамыры аралығында.

✔Байқауға қатысушылар 1 шығарманы жатқа орындайды.
✔Үміткер оқылатын шығарманы міндетті түрде жанды дауыспен орындауы қажет.
✔Байқауға 7-18 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.

✅Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың 10 мамырына дейін алдын ала сапалы түсірілген бейне жазбасы мен қатысушы туралы толық ақпаратты Whatsapp желісіне немесе электронды почтаға жолдайды (біреуіне ғана):
✔Аты-жөні;
✔Жасы;
✔Мектебі;
✔Сыныбы;
✔Жетекшісінің аты-жөні,
✔Шығарманың аты, авторы;
✔Үміткердің телефон нөмірі.

✅Өтініш жолданғаннан кейін 2 күн мерзім ішінде арнайы тексеруден өтіп, қабылданғаны жайлы қатысушыға хабар жолданады.

✅Байқаудың нәтижесін қорытындылау және қатысушыларды марапаттау.
✔Байқаудың жеңімпаздары жас ерекшеліктеріне қарай 3 санат бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әр санатта 1 Гран При бар.
І орын
ІІ орын
ІІІ орын және лауреаттық дипломы беріледі.
✔Барлық қатысқан оқушыларға байқауға қатысқаны үшін сертификат беріледі.
✔Мектептерге және мұғалімдерге байқауға белсене қатысқаны үшін алғыс жарияланады.

Ұйымдастырушы: Алматы қаласы Оқушылар сарайы.

✅Бейнежазбамен қоса үміткер туралы мәліметтер де міндетті түрде жіберілуі тиіс.

✅Барлық сұрақтар бойынша📧: jangali_1995.kz@mail.ru
Байланыс телефоны: 87752211707 87002679668 87073967809

«Ер есімі – ел есінде!» атты қалалық көркемсөз жанры бойынша онлайн-сайыс