“Интеллект”

9 ақпанда Оқушылар сарайының “Интеллект” балалар бірлестігінде “Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті. Ақындық жанрдың бастауы Бата сөз”тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлі түрлерінің арасында айтыс, шешендік сөз, алғыс – қарғыс, жұмбақ, тақпақ және көркем ойлау мен мәдениетті бейнелейтін “Бата сөз” жанры ерекше орын алатынын білді. Педагог балаларды В. Радловтың “Сайын батыр” эпосынан шыққан ақындық батасының мысалымен таныстырды. Балалар суретші Нұржан Қарымсақовтың “Бата” картинасына жаңаша бағытпен қарады. Бата жанрларымен танысып, оқушылар өздері әртүрлі тақырыптарға бата жасауды үйренді.